ТМД ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ (СОТТЫ РЕФОРМАЛАУ)
Кілт сөздер:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Экономикалық Сот, реформалау, құқықтық мәртебеАңдатпа
Мақалада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотын реформалау жағынан оның құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелер қарастырылған. Автор ТМД Экономикалық Сотының құрылуындағы тарихи мәселелерге, бұл органның қолданыстағы құқықтық мәртебесіне, сондай-ақ оның қызмет етуіндегі дағдарысқа көңіл аударады. Достастықтың Экономикалық Сотын реформалау мәселесі оның қызмет ету тәжірибесінен туындап отыр, ал Сотты реформалаудың мәнін оның мәртебесін қалыптасқан тәжірибеге сәйкестендіру құрайды. Автор ТМД Экономикалық Сотының қазіргі реформалануы оның өміршеңдігін көтеру және қызметін белсендендіру жағынан табысты болуы екі талай, алайда, ол Соттың жаңа форматта болса да бұрыңғы мазмұнымен одан ары тіршілік ете беруіне мүмкіндік қалдырадыдеген қорытындыға келеді. ТМД шеңберіндегі еркін сауда аймағы едәуір белсенденген жағдайда қатысушы-мемлекеттерге ТМД Экономикалық Соты сияқты құрал керек болуы мүмкін. Сондықтан бұл орган Достастықтың басты органдары қатарынан әлі алынып тасталған жоқ.