ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ «ҚОЛШАТЫР ЕСКЕРТПЕСІ»
Кілт сөздер:
шатыр ескертпе, инвестициялық шарттар бойынша арбитраж, халықаралық инвестициялық құқық, МЦУИС тәжірибесіАңдатпа
Мақаланың мақсаты жасасатын шартқа «шатыр ескертпелер» жағдайларын енгізу нәтижесін зерттеу болып табылады. Шатыр ескертпе – бұл ол арқылы тараптар басқа мүше-мемлекеттердің инвесторларымен жасасатын инвестициялық шарттың кез келген міндеттемелерін сақтауға міндеттенетін жағдай. Бұндай бап Энергетикалық хартия шартын қосқанда көптеген инвестициялық шарттарға кіргізілген. Зерттеудің мәні бұл ереженің қандай міндеттемелерге жататынын және оның қандайларына жатпайтынын кейде анықтау қиын болатындықтан шартта осы жағдайды тұжырымдау болып табылады. Бұл бізді екі маңызды мәселеге алып келеді. Бірінші мәселе «шатыр ескертпе» ұлттық заңнаманы жай бұзуды халықаралық құқық бойынша шартты бұзу деңгейіне дейін көтере ала ма деген. Екінші мәселе омы жағдайды қамту шарттық міндеттемелермен шектеледі ма немесе ол заңнамалық немесе нормативтік актілер арқылы мемлекеттердің қабылдаған біржақты міндеттемелерін қамтиды ма деген. Баптың жай тұжырымдалуына, оның мәнмәтініне және әрекеттегі өнегелік құқыққа сәйкес «шатыр ескертпе» инвестор өзіне алған кез келген міндеттемелерін қамтиды. Заңнамалық және нормативтік актілер, егер осы актілер мен жеке инвестор арасында белгілі бір өзара байланыс болса, инвестор өзіне алған міндеттемелер сияқты анықталуы ықтимал болып көрінуі мүмкін.
Мақалада халықаралық құқық пен ұлттық заңнама арасындаға өзара байланыс, шарт жағдайларын бұзуда «шатыр ескертпені» қамту, тек шарттық міндеттемелерде «шатыр ескертпені» қамтуда шектеу мәселелері мысалға Анатолий Стати Қазақстанға қарсы ісі сияқты мәселелер қарастырылады.