ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ЗАНҢАМАСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
банк заңнамасы, банк заңнамасының конституциялық негіздері, құқықтық мониторинг, банк секторының дамуы, банк жүйесі, банк қызметі, банк кепілдігі, қарыз шарты, тұтынушылық несие, банк заңнамасын кодификациялауАңдатпа
2017 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ құқықтық мониторинг қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына құқықтық мониторинг жүргізілді.
Көрсетілген заңға құқықтық мониторинг жүргізу кезінде банк саласының қолданыстағы заңнамасы зерттелді, оның жүйелілігі, осы саладағы заңнаманы қолданудың әлеуметтік маңыздылығы мен оған құқықтық механизмнің сәйкестілігі бағаланды.
Банк туралы заңға құқықтық мониторинг жүргізу нәтижесінде Қазақстанның қолданыстағы банк заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды, соның ішінде банк қызметі, қарыз шарты мен кредит шарты, банк кепілдігі және т.б. ұғымдары бойынша.
Сонымен қатар, осы саладағы ұлттық және шет ел заңнамасын талдау негізінде, банк заңнамасын жетілдіру мен дамыту жолдары ұсынылды. Осымен, шет ел заңнамасында тұтынушылық несиені, әдетте, аталған құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғайтын нормалары бар жән осы саланың ерекшеліктерін ескеретін арнайы актілер реттейді.
Осыған орай, Қазақстанда тұтынушылық кесие шартының осал тарабы ретінде, қарыз алушының экономикалық мүдделерін тиісті түрде қамтамасыз ететін, тұтынушылық несие туралы бөлек заң қабылдау керек деп есептейміз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының банк заңнамасын кодификациялауды және банктық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуге жағымды әсерін тигізетін бөлек Банк кодексін әзірлеуді ұсынамыз.
Результаты исследования могут быть использованы в законотворческой работе по совершенствованию законодательства Республики Казахстан, регулирующего банковскую сферу, а также в научных исследованиях в рассматриваемой области.
Осы зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының банк саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ қарастырылатын саладағы ғылыми зерттулерде қолданылуы мүмкін.