ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ НОРМАЛАРЫН БАСҚА ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫМЕН САЛЫСТЫРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Гүлнара Бауыржанқызы Қысықова
  • Назгүл Нұрлыбайқызы Омарова

Кілт сөздер:

АЭА құру, АЭА қатысушы, АЭА басқару органы, қызметті жүзеге асыру туралы шарттар, АЭА резидент мәртебесі

Аңдатпа

 Мақалада арнайы құқықтық режимі бар аумақтар қызметін реттейтін Қазақстан Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы және Өзбекстан Республикасындағы заңдардың мақалаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Мақалада бірінші кезекте арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылдайтын субъектісінің түсінігі, экономикалық аймақтарды жүргізу және олардың қызметін бақылаудағы үйлестіру бойынша іс-шараларды жүргізуге уәкілетті алқалы органдардың болуы қарастырылады.

Екіншіден мақалада экономикалық аймақтың қатысушысы және басқару органы өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Себебі, шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай заңнамада белгілі бір арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өндіріске қаржы құралдарын салу бойынша міндеттемелер барын көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінімді қарау рәсімінде кейбір айырмашылықтар бар. Атап айтқанда арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесін алуға өтінімді қараудан бас тарту негіздері бойынша. Сондай-ақ, қатысушымен басқару орган арасындағы шарттық қарым-қатынастарын реттейтін ережелердің сәйкес келмеуі. Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасының заңнамасынан айырмашылығы Қазақстанда экономикалық аймақ резиденттігінен сот тәртібімен айыру көзделмеген.

 

 

 

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Қысықова, Г. Б., & Омарова, Н. . Н. . (2017). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ НОРМАЛАРЫН БАСҚА ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫМЕН САЛЫСТЫРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/423

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг