СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУДЕ СОТ БАҚЫЛАУЫНЫҢ ШЕКТЕРІН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Фарух Раушанулы Ахмеджанов

Кілт сөздер:

сот бақылауы, қағидалар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, өкілеттіліктер, халықаралық стандарттар

Аңдатпа

Мақалада теория мен практикада өзекті болып табылатын қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларындағы сот бақылауын жетілдіру мәселесін қарастыру үсынылған. Құқықтық саясат концепциясы және «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары секілді негізгі бағдарламалық құжаттарды есепке ала отырып берілген бағыттың маңыздылығы белгіленген.

Мақалада қылмыстық-процестік заңнаманың сәйкес ережелеріне талдау жасалынған, кемшіліктер анықталып, оларды жою жолдары ұсынылған. Жеке тоқталар болсақ, сот бақылауы институтының маңыздылығына оны Қылмыстық-процестік кодекске жеке қағида ретінде қосу арқылы ерекше көңіл аудару ұсынылған. Аталған шара бұл саладағы барлық келесі реформалар үшін алғышарт болады. Одан бөлек, тергеу судьясына берілген өкілеттіліктердің көлемін кеңейту мән беру қажет, бұл тергеу судьясы институтын ең мықты әлемдік практикаларға сәйкестендіруге септігін тигізеді.

Сонымен бірге, жұмыста сотқа дейінгі өндіріске сот бақылауын жүзеге асырудың халықаралық стандарттары қарастырылған, оның ішінде қазақстандық қылмыстық-іс-жүргізушілік заңнамада көрініс табуы мүмкін позитивті элементтері анықталған. Ұлттық заңнаманы халықаралық-құқықтық стандарттарды егжей-тегжейлі зерттеу негізінде жетілдіру маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді, себебі сот бақылауының отандық институты дұрыс жетілмеген және бұл қамтамасыз етуші құқықтық құбылыстың тұжырымдамалық негіздерін қайта қарастыру қажет.

Жұмыс соңында сот өкілеттіліктерін дубляждаудың алдын алу мақсатында және оның тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріндегі жоғары тиімділігіне байланысты сотқа дейінгі өндіріс кезіндегі прокурорлық қадағалау институтынан кезең-кезеңмен бас тарту қажетті

 

##submission.additionalFiles##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Ахмеджанов, . Ф. Р. (2017). СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУДЕ СОТ БАҚЫЛАУЫНЫҢ ШЕКТЕРІН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ТУРАЛЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/426