ДАУ-ШАРДЫ ШЕШУДЕГІ БАЛАМАЛЫ ТӘСІЛДЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДЕГІ БІРІҢҒАЙ АМАЛДАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
медиация, арбитраж, дау-шарды шешудің баламалы тәсілдері, аралық сот, сот процесі, бірыңғай көзқарас, азаматтық құқық, құқықтық реттеу қақтығыстарАңдатпа
Мақалада дау-шарды шешудегі баламалы тәсілдердің құқықтық реттеудегі біріңғай амалдарын қазақстандық заңнамда қолданылу қажеттілігі қарастырылады.
Қазіргі кезде дау-шарды шешудегі баламалы тәсілдер әлемде үлкен әйгілікке ие болып жатыр. Ұлттық медиация, төрелік талқылау, аралық соттардан басқа дау-шарды шешулердің қызықты түрлері таралып жатыр. Мысалы, медиация рәсімінде, егер тараптар қанағаттандыратын шешімге жете алмаса, ол төрелік талқылау ретінде жалғасуы мүмкін және де т.б.
Аталған үрдіс өзге де елдердің ұлттық заңнамаларында бақыланып жүр. Сондықтан да мақалада салыстырмалы-құқықтық талдау тәсілдері қолданылады және Қазақстан Республикасында біріңғай амалдардың қолданылу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
Мақалада, бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасында дау-шарды шешудегі баламалы тәсілдерді реттеудің оң тәжірибесі бары екендігі белгіленеді. Алайда, Қазақстан Республикасында дау-шарды шешудегі баламалы тәсілдер рәсімін жүзеге асырудағы көптеген озық бағыттар заңнамада бекітілген жоқ. Мақалада, қазіргі кездегі жағдайдың бар болуы, біріңғай амалдардың болашақта дауларды шешудің баламалы тәсілдерін жетілдіретініне болжам жасауға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалады.
Мақалада жасалған қорытындылар, дау-шарды шешудегі баламалы тәсілдерді құқықтық реттеудегі біріңғай амалдардың енгізілу мүмкіндігіне және болашағын бағалауға жағдай туғызады. Мақала Қазақстан Республикасындағы дау-шарды шешудегі баламалы тәсілдерді жетілдірумен және дау-шарды құқықтық реттеумен қызығушылығын білдіретін тәжірбиелі ғалымдар мен заңгерлерге арналған.