ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кілт сөздер:
Тұжырымдама, құқықтық ағарту, құқықтық мәдениетмемлекеттік саясат.Аңдатпа
Соңғы жылдары құқықтық ағарту саласындағы мемлекеттік саясат нақты тұжырымдамалы әдіске ие болмай, бағдарламалар мен жоспар құжаттарына негізделген. Бұл ретте аталған бағдарламалар көбіне насихаттау сипатына ие және жалпы тиімсіз болып келді. Құқықтық ағарту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда бірқатар жүйелі мәселелердің болуы осыған себеп болды.
Қазіргі жағдайда мүлде басқа институционалды әдістерге негізделген құқықтық ағарту саласындағы тұжырымдамалы, жаңартылған мемлекеттік саясатты әзірлеу өзекті болып келеді. Аталған тәсіл үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік ортаның, соныменқатар, БАҚ-ның белсенді қатысуын талап етеді. Авторлар құқықтық ағарту саласындағы болашақ саясатты іске асыруда қоғамдық (азаматтық) күштердің қатысуының критикалық мәнін көрсетуге тырысты. Авторлар, сонымен қатар, құқықтық ағарту саласындағы саясатты іске асыру механизімінің проблематикасын көрсетіп, бюджет ресурстарынан басқа, альтернативті қаржыландыру көздерінің маңыздылығын атап өтті.
Аталған мақалада зерттеушілер ұжымымен, алдына іргелі мақсатты қоятын – жоғары азаматтық позициясы бар заңға бағынатын азаматты қалыптастыру, болашақ Құқықтық ағарту тұжырымдамасын әзірлеудің жалпы тәсілдері анықталған. Бұндай сипаттағы мақсат белсенді, заңға бағынатын, дұрыс мінез-құлықтықты қалыптастыруды талап етеді, ол өз кезегінде құқықтық ағартудың жалпы әдістері мен міндеттерінде сипат алады.