Н.М. АКИМОВАНЫҢ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_146Кілт сөздер:
денсаулық сақтау жүйесі, халық денсаулығы, денсаулық туралы Кодекс, медицина, мәйіттік донорлық, медициналық куәландыруАңдатпа
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық қызметтердің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру болып табылады. Бұл процесс медициналық жүйеде тиісті жаңалықтарды қажет етеді.
Бүгінгі күні талқыланатын тақырыпқа ерекше назар аударуды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттердің бірі медицина саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін, азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету; медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жетілдіру, медициналық мекемелерді қаржыландыру көлемін ұлғайту; дәрілік заттардың айналымын бақылау және т.б. Әлемдік державалар денсаулық сақтау жүйесін жаңарту және өз азаматтарының денсаулығын қорғау ахуалы бойынша жұмысты белсенді жүргізуде.
Мақалада Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Құқықтық мониторинг орталығының ғылыми қызметкері Н.М. Акимованың 2018 жылы Қазақстан Республикасы Заңнама институты Жаршысында жарияланған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне құқықтық мониторингінің кейбір мәселелері» атты ғылыми мақаласына талдау жүргізіледі.
Автор «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV ескі кодексіне талдау жүргізді. Елдегі денсаулық сақтау жүйесін реттеудің маңыздылығын ескере отырып, Кодекске жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде анықталған автор атап өткен ескертулер әлі де өзекті болып отыр.
Мақала Кодекстің проблемалық аспектілерін онда Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыру, мәйіттік донорлығы, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі куәландыру мәселелерін іске асыру және Кодекске «дистрибьютор» ұғымын енгізу бөлігінде қамтиды. Н.М. Акимова өзінің ғылыми мақаласында жоғарыда аталған мәселелерді шешуге ұсыныстар мен тұжырымдар береді.