ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ДАМУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАЛПЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
Кілт сөздер:
Орталық Азиядағы әкімшілік құқығы, әкімшілік рәсімдер туралы заң, әкімшілік акт, әкімшілік әділетАңдатпа
Осы мақала ақпараттық-талдау сипатында әзәрленген. Авторлар мақалада Орталық Азияда жалпы әкімшілік құқығының даму сатыларын қарастырған. Бұл мақала бірнеше бөлімге бөлінеді, әрбір бөлім Орталық Азия елдеріндегі әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың дамуының өзекті мәселелерін қарастыратын болады.
Мақаланың қорытынды бөлімінде жекелеген аспектілер ретінде әкімшілік құқық саласындағы заң әдебиетінің жағдайы және соттың іс бойынша мән-жайларды зерттеуі мен бітімгершілік келісімді жасасу қағидаттарына шолу жасалды. Сонымен қатар әкімшілік заңнама реформаларының түрлі рейтингтерге гуманитарлық даму индексі (United Nations Development Programme), демократия индексі (The Economist), Бертельсман трансформациялау индексі (Bertelsmann transformation index), сыбайлас жемқорлықты түсіну индексі (Corruption Perceptions Index), Дүниежүзілік банк индексі (World Bank, International Finance Corporation) ықпал етуіне талдау қорытындылары ұсынылды.
Сотпен зерттеу қағидасын қолданудың мән-жайлары және сотта бейбітшілік келісімін құру шеңберінде Орталық Азияның кейбір елдеріндегі тиімді тәжірибесін авторлар заңшығарушыларға жеткізуді талпынған. Бұл соттарға деген жүктемені азайтуды және бейбітшілік келісімі негізінде орындалғаны туралы құжат беруді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, мақалада әкімшілік рәсімдер туралы Еуропалық кодексін әзірлеу процесі туралы сұрақтарды толық қарастыратын қайнар көздеріне сілтемелер көрсетілген. Осы заң жобасы бірқатар әкімшілік рәсімдер туралы ұлттық еуропалық заңдардағы ережелер кұрамындағы жалпы әкімшілік ережелерді және құқық үстемдігі қағидасын қарастырады.
Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның, Өзбекстан мен Тәжікстанның нормативтік-құқықтық базасы мен құқық қолдану практикасына жасалған жалпыланған талдау негізінде авторлар Орталық Азия елдерінің әкімшілік құқығын реформалау үшін бірқатар ұсынымдарды пысықтады.