БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ИНСТИТУТЫ: МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Кілт сөздер:
Адам құқықтары жөніндегі, уәкіл; Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, балалар Омбудсмені, балалардың құқығы, Омбудсмен қызметінің халықаралық тәжірибесі, прокуратураАңдатпа
Ғылыми әдебиеттердегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының даму тәжірибесін ескерсек, бүгінгі таңда ол құқытық мемлекеттің тиімді құралы болуда. Омбудсмендердің адам құқықтарын қорғау қызметінде балалар, халықтың ең осал санаты ретінде ерекше топты құрайды.
Халықаралық тәжірибеде, көптеген шет елдердерде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тәуелсіз институт ретінде балалар Омбудсмені көрсетілген. Яғни, көптеген шет елдерде Омбудсмен институтын заңнамалық енгізу, балалардың бостандықтары мен құқықтарының кепілдігін жүзеге асыруға, баланың мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған, құқықтық мемлекттің негізін құраушы демократиялық үдерістерді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл мақалада шет елдердегі Омбудсмен институтының қалыптасу ерекшеліктері зерттеледі. Автор бүгінгі күні біздің елімізде балалар құқықтарын бұзушылықтар бар екенін тәжірибелік мысалдармен дәлелдейді. Автормен шет елдік тәжірибе негізінде балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметін қамтамасыз етудің конституциялық-құқықтық механизмін жетілдіру ұсынылады.
Зерттеу монографиялық және мерзімдік ғылыми әдебиеттерге негізделген. Мақаланы жазу барысында қолданылған негізгі әдістер: салыстырмалы-құқықтық, формальды-заңды және тарихи-құқықтық. Омбудсменнің ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесіне талдау жүргізілген. Автормен шет елдердегі Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің ерекшелігі мен құзыретін жалпылама талдаудың негізінде қазақстандық балалар Омбудсменін тәуелсіз институт ретінде бөлу ұсынылады және де Қазақстанда Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің мартебесін өзгертудің орындылығы мысалдарымен негізделеді.