ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Жаңартылатын энергия көздер, энергия тиімділігі, «жасыл экономика», энергия тиімділігінің стандарттары, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, білікті шартты тұтынушыАңдатпа
Аталған мақала шетелдердің тәжірибесін, заңнамалық реттеудің үрдістерін және де жаңартылатын энергия көздерін енгізудегі жоғарғы динамикасы бар мемлекеттердің озық тәжірибесін ескерумен Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерін қолдаудағы реттеудің мәселелеріне арналған. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша қатынастарды нормативтік реттеудің жекелеген аспектілерін зерттеудің өзектілігі ашылған.
Мақалада жаңартылатын энергия көздері саласындағы қолданыстағы заңнаманы талдау негізінде жаңартылатын энергия көздерін нормативтік реттеуді жетілдірудің сипатты үрдістері келтірілген.
Салааралық зертеулердің және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдасы ережелерінің аясында қалалар мен елді мекендерде «жасыл инфрақұрылымды» жетілдіру және қоғамда рационалдық экологиялық тәрбиелеу моделін жылжыту бойынша ұсыныстар жасалды.
Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына және Қазақстандағы қалаларды дамыту Бағдарламаларына талдау мен шолу жасалды. «Жасыл инфрақұрылымды» құру мен жақсарту саласындағы олқылықтар анықталды. Мақалада үздік шетелдік тәжірибені ескере отырып міндеттерді және индикаторларды нақтылау және оларды мемлекеттік реттеумен қамтудың маңыздылығы көрсетілген.
Сондай-ақ мақала мазмұны жекелеген шет мемлекеттердің заңнамасы бойынша шаралардың талдауын қамтиды. Беларусь Республикасы мен Германия заңнамасы негізінде мысалдар келтірілген. Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың мемлекеттік қолдауы қарастырылған. Жаңартылатын энергия көздерінен өндіріп шығарылған электр энергияның есепке алу тетігінің тиімді және айқын болуының заңнамалық деңгейде белгілену қажеттілігі анықталды.
Жүргізілген талдаудың негізінде мақаланың мазмұнында Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген.