ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ «ҚИСЫНДЫ МЕРЗІМ» ҰҒЫМЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ КЕЙБІР НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Арыстан Нөкешұлы Ахпанов
  • Зараб Ғазизұлы Қазиев

Кілт сөздер:

сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ұзақтығы, қисынды мерзім, қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтары, қисынды мерзімді бағалау өлшемі, қылмыстық процестің қағидаты

Аңдатпа

 

Мақалада қазақстандық қылмыстық-процестік заңнамаға «қисынды мерзім» ұғымын енгізу қажеттігіне негіздеме беріледі, сот төрелігіне тез қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотқа дейінгі іс жүргізу мен сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін сақтауды міндеттейтін адам құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық-құқықтық құжаттар келтіріледі.

Автор қолданыстағы ҚР ҚПК-де қамтылған бұл құқықтық новелланың проблемалық сипатын ашып көрсетеді. Заңда қисынды мерзімнің сақталуын және оны бұзғаны үшін жауаптылықты қамтамасыз ететін тетіктердің болмауы, прокурор, тергеу судьясы тарапынан оны бақылаудың жеткілікті түрде пысықталмауы сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің ұзаруына және тергеу органдарының атына жасалатын шағымның көбеюіне әкеп соқты. ҚР Бас прокуроры бұл келеңсіз фактіні көрсетіп берді және оны қазіргі құқық қолдану практикасындағы келеңсіз олқылықтардың бірі ретінде бағалады. Сондай-ақ бұл проблеманың отандық заң ғылымында да жеткілікті түрде зерделеніп келгені атап көрсетілді.

Мақалада сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ұзақтығы туралы заң талаптарын дұрыс іске асыру, оны жүргізу барысындағы әуре-сарсаңның алдын алу мақсатында «қисынды мерзім» ұғымының мәні ашылады. Бұл ретте осы құқықтық талап жәбірленушіге, қылмыстық процесті жүргізуші органға қатысты және қорғау функцияларын жүзеге асыратын адамдарға қатысты ұсынылып отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің қисындылығын бағалау өлшемдері санамалап берілген, олардың арасынан  шешімдер қабылдау, процестік (тергеу) әрекеттер жүргізу, істің шешімін табу үшін жеткілікті болатын өлшемшарт ерекше бөліп көрсетілген.

Қисынды мерзімнің шектері және одан асып кету туралы ұғым осындай көзқарастың негізінде қалыптасады.

Қазақстанның және шетелдердіңқылмыстық-процестік заңнамасына (Ресей Федерациясының, Молдова Республикасының, Латвия Республикасының ҚПК) жасалған талдау және ғылыми әдебиетті зерделеу негізінде ҚР ҚПК-де қисынды мерзім туралы талапқа қылмыстық процесс қағидаты мәртебесін беру және оның сақталуын бақылау тетігін әзірлеу, сондай-ақ осы қағидатты бұзғаны үшін қылмыстық-процестік санкция енгізу ұсынылады

##submission.additionalFiles##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Ахпанов, . А. Н. . . . ., & Қазиев, . З. Г. (2017). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ «ҚИСЫНДЫ МЕРЗІМ» ҰҒЫМЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ КЕЙБІР НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(48). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/437

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс