БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
бөтеннің мүлігін ұрлау, саралау мәселелері, саралау бойынша ұсыныстар, , жауапкершілікті оңтайландыру, тұрғын жайға заңсыз ену, баптың диспозициясын күшейтуАңдатпа
Мақалада ұрлау жолымен бөтеннің мүлігін жымқыру отандық қылмыстық-құқықтық статистикада дәстүрлі басымдықты саралау кезінде туындайтын мәселелер зерттелген және талданған. Құқықтық қолданыс тәжірибесінде жиі пайда болатын ұрлықты саралауға байланысты әлі де маңызды мәселелер қаралған. Құқықтық қолданыс тәжірибелеріндегі және қылмыстық құқықтық теориясындағы қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін аса өзекті белгілеу сұрақтарды шешу мәнтінінде өзекті мәселелер кешені зерттелген. Бөтеннің мүлігін жымқырудың тәжірибелік және теориялық мәселелерін саралаудың, ұрлық жасау, белгілер және жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамын қылмыстық құқықтық дұрыс бағалауына әсер ететін кешенді зерделеу тақырыбы болды. Бөтеннің мүлігін жымқыруды дұрыс саралаудың өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселелерін зерттеген ғалымдардың тұжырымдамалық көзқарастары талданған. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне отандық заң шығарушыға бағытталған нормаларына өзгерістер мен толықтыруларға бағытталған бірқатар ғылыми негізделінген түйіндемелер мен дәлелденген ұсыныстар әзірленді және ұсынылды. Түсінісу аппаратының теориялық мәнін нақтылау заңнама нормаларына түзетулер енгізу бойынша негіздемелі ұсыныстар енгізу болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарай және жауаптылықты сараулау мақсатында осы бапты диспозициялау ұсынылады және осындай «бірнеше рет» және «тұрғын үй-жайына заңсыз жасырын кіру» белгілері саралауды орта санатынан қылмыстық ауыр санатына ауыстыру ұсынылады. Сондай-ақ осы бапты РФ заңнамасымен диспозициялауда «жәбірленушідегі киімнен, сөмкеден немесе басқа қол жүгіне жасалған ұрлық» белгілеріне сараулауды енгізу ұсынылады. Елімізде қарудың заңды айналымын қамтамасыз ету мақсатында отандық заң шығаруға тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы мен оқтардың заңсыз айналымының әкімшілік жауаптылықтың орнына оған қылмыстық жауаптылықты енгізу ұсынылады.