ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАСЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАТЕЛІК ҰҒЫМЫН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС
Кілт сөздер:
Қылмыстық заңдары, Әкімшілік заңдары, Қылмыстық жауаптылық, Әкімшілік жауаптылық, медициналық қате, дәрігерлік қате, Қылмыстық және әкімшілік заңнамаларды жетілдіруАңдатпа
Азаматтардың медициналық көмек алу мен дәрі-дәрмекпен қамтылу құқығына ие болуын қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру институтын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу жайында Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 80 нақты қадамда айтылған [1].
Медицина қызметкерлерінің кінәсі болмаған кезде, емделушілерге келтірілген зиянды өтеу жағдайларының тізімі кеңейетін болады деп күтілуде, ал бұл олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Осы мақалада еліміздің құқықтық нормативтік актілерінде медициналық қателік ұғымының жоқтығына баса мән берілген. Өйткені оның болмауы медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің ара-жігін ажыратуда белгілі бір қиындықтар туғызып отыр.
Медициналық қателік ұғымын белгілеу мәселесіне қатысты қолданыстағы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға жасалған мақаладағы талдау нәтижесі бойынша автор медициналық қателік ұғымына және оны «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне енгізуге қатысты белгілі бір пайымдаулар мен нақты ұсыныстар жасаған.
Автор медициналық қателікке мынадай анықтама беруді ұсынып отыр: мемлекеттік немесе жеке меншік медициналық мекемеде медициналық қызметті көрсететін тұлғаның, медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы және ауру бейіні сәйкес келген жағдайда жеке меншік медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның тәжірибесінің аздығынан, медициналық құрал-жабдықтардың, медициналық дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігінен, аурудың сирек кездесетіндігінен, ағзаның анатомиялық ерекшеліктерінен, жинақталған ауру тарихының толық еместігінен жаңылысу нәтижесінде жасаған, ауруға қате диагноз қоюға, науқасты емдеу әдістері мен құралдарын қате анықтауға әкеп соқтырған әрекеттері немесе әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаға тартылатын әрекет белгілері болмаса – медициналық қателік болып табылады.
Басқа жағдайларда, егер бұл әрекеттер абайсыздықтан адам денсаулығына орташа ауыр, ауыр зиян келтірсе, абайсыздықтан адамның, екі және одан да көп тұлғалардың өліміне, басқа бір адамға АҚТҚ/ЖҚТБ кеселінің жұғуына әкелсе, онда медициналық қателік деп атала алмайды және ҚР ҚК-нің 317-бабымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылыққа жатқызылуы тиіс.
Автордың сын-пікірлеріне қоса, ҚР ҚК-нің 116-бабының екінші бөлігінің 1)тармағында жетімсіздіканықталып, осы баптың екінші бөлігіне жаңа 11) тармақ енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар, автор ӘҚБтК-ні жаңа «Медициналық қателік» 80-1, «Денсаулық сақтау және сол қызметті көрсететін ұйымдарында заңсыз төлем алу» 424-1 баптарымен толықтыруды ұсынып отыр және олардың редакциясына берілген.