ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰРҒЫСЫНАН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІН ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІ ШЕҢБЕРІНДЕ)

Авторлар

  • Болат Аюбайұлы Қалмырзаев
  • Қайрат Тұрлыбайұлы Битемиров
  • Балгабай Накипов

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_48

Кілт сөздер:

діни экстремизм, ұлттық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығы, жергілікті терроризмге қарсы комиссиялар, экстремистік қылмыс

Аңдатпа

Мемлекеттің қазіргі заманғы қазақстандық қоғамының басты міндеттерінің бірі оның қалыпты жұмыс істеуінің кепілі болып табылатын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде қоғамда азаматтық бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу болып табылатыны айдан анық. Экстремистік бағыттағы қылмыстар қылмыстың жалпы құрылымында айтарлықтай орын алады, біздің қоғам өміріндегі әдеттегі құбылыс болып келеді. Әлеуметтік деструктивті әрекеттің соңғы түрі ретінде діни экстремизм мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамның тұрақты дамуының негіздеріне қауіп төндіреді.

Мақалада «діни экстремизм» ұғымының құқықтық табиғатын қарастыру мақсатында, оның халықаралық құқық, құқықтық жүйелерде (роман-герман, англо-саксон, социалистік және діни-дәстүрлі), сондай-ақ ұлттық заңнама жүйелерінде бекітілуінің тарихи-құқықтық негіздерін зерделеуден бастаймыз.

Аталған ұғымның құқықтық табиғатын зерделеуге кіріспестен бұрын, «халықаралық құқық», «құқықтық жүйелер» және «ұлттық заңнама жүйесі» деп аталған ұғымдық тіркестердің құқықтық сипаттағы анықтамаларын жеке саралауды жөн көрдік. Біз ұсынған мақалада яғни халықаралық құқық жүйесі ұлттық құқық жүйелері сияқты құқық салаларынан, институттарынан және нормаларынан құралатындығы белгілі екендігі анықталды.

Аталмыш мақалада «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігімен байланыстағы діни экстремизмнің өзектілігін зерделеу мәселесі қарастырылады. Бұл ретте терроримзге қарсы орталықтың үйлестіру қызметін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған терроризмге қарсы комиссияларының жұмысы барысы зерделеніп, тиісті түрде талданады. Мақала авторлары аталған орталық пен жергілікті комиссиялардың жұмыстарының кейбір жетістіктерімен бірге, кезінде бірқатар жеке кемшіліктер анықталды. Осы орайда авторлар тарапынан ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген кейбір ұсыныстық сипаттағы қорытынды жасалған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Қалмырзаев, Б. А., Битемиров, Қ. Т. ., & Накипов, Б. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰРҒЫСЫНАН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІН ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІ ШЕҢБЕРІНДЕ). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(62). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_48

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық