ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
терроризм, террорист, терроризмге қарсы, іс-қимыл, терроризмнің әдістері, қауіпсіздік, қылмыстық заңнама, қорғау, Заң, ТұжырымдамаАңдатпа
Бұл мақалада авторлармен терроризм ұғымы кейбір мақсаттарға зорлықты қолдану арқылы қол жеткізу әдісі ретінде қаралады.
Осы әдістердің (қудалау, бұзу, кепілдікке алу, адам өлтіру және т.б.) нақты санаттағы азаматтарға емес, халыққа қарсы, оны қорқыту және тұлғаға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіру ретінде қолданылуы тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Терроризмге қарсы іс-қимылдың өзектілігі болып жатқан шындықпен және терроризмның көрінісі көпшілік адам құрбан болуына әкеп жатқандықпен арттырылады. Терроризмнің объектісі билік атынан жекелеген мемлекеттік қызметшілер немесе қоғам атынан жекелеген азаматтар болып табылады.
Террористтің басты мақсаты ақша мен діни нанымдарда емес, бәрінен маңыздысы террористік әдістерін БАҚ арқылы міндетті түрдегі көрсету. Террористік актілер әрқашан да көпшілік сипатқа және мемлекеттік билік органдарына, халықтың моральдық-психологиялық жағдайына, соғыстың арандатуына, экономикалық зиян келтіруге, қорқытып алушылыққа, қоғамның криминализациясына бағытталған.
Осындай қауіппен алғаш рет кездескен Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамалық реформаның қажеттілігін ұғынды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылған. Осы заң жобасы сарапшылар мен жұртшылықтың талқылауына салынды және 24 заңнамалық актілеріне өзгерістерді енгізген. Қазақстан осы түрде терроризммен тұнғыш рет кездесіп тұр. Сол себептен осындай түбегейлі шаралар күрес әдістерін толық қайта құруға бағытталған.
Негізгі назар үш басты сұрақтарға бөлінген: қару айналымына бақылауды күшейтуге, терроризмге қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуге, ішкі көші-қон мәселелеріне.
Сонымен қатар, авторлармен тұжырымдамалар мен заң жобаларында көрініс тапқан экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты ескертулер мен ұсыныстар әзірленген.