ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ТҰРҒЫСЫНДА ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кілт сөздер:
адам құқықтары, халықаралық құқық, халықаралық ғарыш құқығы, жеке өмірге қол сұқпаушылық, сандық технологиялары, ұлттық заңнамасы, Қазақстан РеспубликасыАңдатпа
Қазіргі таңда əлемнің ғылыми-техникалық прогресс нəтижелерін белсенді қолданбай өмір сүруін елестету мүмкін емес. Адамзаттың ғарышты игеруі сандық технологияны дамытып, қолдануға алып келді. Дегенмен сандық технологияның қарқынды дамуы мемлекеттің əлемдік аренадағы рөлін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге, оның өз азаматтарының құқықтарын сақтауында қиындықтар туғызады. Қазіргі тəжірибе көрсеткендей, мұндай үдерістер халықаралық стандарттар деңгейінде де, сондай-ақ, ұлттық заңнама аясында да құқықтық реттелуді талап етеді. Əрине, бұл жағдайда басты орында адам, оның құқықтары мен бостандықтары тұрғаны абзал. Аталған проблеманың өткірлігін ескере отырып, халықаралық қауымдастық адамның жеке өміріне қолсұғылмаушылығы құқығын қамтамасыз ету жəне қорғау мақсатында БҰҰ аясында халықаралық құралдарды дайындады. Жəне қатысушы мемлекеттерге осы саладағы ұлттық құқықтық нормаларды дайындауда белгілі бір бағыт-бағдар көрсетті. Өкінішке орай, сандық технология дəуірі адам құқықтарының сақталуына жағымсыз əсер еткен кездері де, яғни жеке бас мəліметтерінің таралып кеткен кездері де əлемдік тəжірибеде бар. Мұндай жағдайлар мемлекеттердің ішкі заңнамасының жетілмегендігін көрсетеді, олар жалпы ғарыштық қызметтің, соның ішінде сандық технологияның қарқынды даму темпіне ілесе алмай қалуда. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында елдің ішкі қажеттіліктері мен даму басымдылықтарын тиісті ескере отырып, ұлттық заңнаманы қабылдаған халықаралық міндеттемелер мен халықаралық стандарттарға сəйкестендіру бойынша жұмыстарды 2010 жəне 2020 жылдар аралығында одан ары жалғастыру қызметі дер кезінде, əрі негізді енгізілген. Мемлекеттер, жалпы əлемдік қауымдастық аталған проблемаларды шешуде дұрыс қадам жасау үшін адамның жеке өміріне қолсұқпаушылығы құқығының мазмұнын айқын түсініп, сандық технологиялардың даму ерекшелігін біліп, осы істе күш біріктіруді негіз етіп алуы тиіс.