ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ)

Авторлар

  • Абылай Куанышулы Акай

Кілт сөздер:

сотталғандық; сотталғандықты өтеу, өтеу, қылмыстық құқық, сотталғандығы бар-жоғы туралы анықтама, қылмыстық жауапкершілік, жаза, сотталғандықты өтеу мерзімі

Аңдатпа

Мақала авторымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес сотталғандықты жою мәселесі қарастырылды. Атап айтқанда, сотталғандықтың анықтамасы, заңгер ғалымдардың берген анықтамалары, олардың айырмашылықтары, сотталғандықтың тарихы мақалада баяндалды.

Қарастырылған сұрақтардың негізгілері – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық Басқармаларына үнемі жазылатын өтініштер мен шағымдар бойынша болды. Автор Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің сотталғандықты реттеуге бағытталған нормаларды талдау негізінде жоғарыда аталған сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды толыққанды қоғам мүшесі ретінде әлеуметке қосу аясындағы тұтас мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар қажет деп көрсетілген. Ал сотталғандық және оны жою мәселесі сотталған тұлғалардың кейін қоғамда өзге адамдармен қатар құқықтарын іске асыруда маңызды орын алады. Сол себепті мақалада көтерілген мәселелер Тұжырымдамадағы жоғарыда аталған шараны іске асырудың бір жолы ретінде қарастыруға болатыны автормен көрсетілді.

Алғаш рет кеңес қылмыстық заңнамасында сотталғандықты өтеу мерзіміне қатысты норма «КСРО және одақ республикаларының қылмыстық заңнамасындағы негізгі бастауларды өзгерту туралы» 1927 жылғы 25 ақпандағы КСРО Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен енгізілді. Бұл мақалада КСРО-ның Қылмыстық кодексінің, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексінің сотталғандықты реттеуге арналған нормаларына талдау жасалынып, оларды жетілдіруге бағытталған өзгерістер ұсынылды.

 

НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ПОГАШЕНИЯ СУДИМОСТИ

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2017

##submission.howToCite##

Акай, А. Қ. (2017). ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ) . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(48). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/445

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг