ЗАҢНАМА ТЕХНИКАСЫ МЕН ТІЛІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Есенқұл Сафуанұлы Сафуани

Кілт сөздер:

Заңнама техникасы мен тілінің кейбір мәселелері, термин, теңтүпнұсқалылық

Аңдатпа

Автор бұл мақаласында заңнама техникасы мен тілінің кейбір мәселелеріне қатысты проблемаларды қозғайды. Заңнамада терминдердің дұрыс қолданылмауы теріс салдарларға әкеп соғатын жағдайларға талдау жасайды. Мақалада нормативтік құқықтық актілердің қазақ тіліне аударылуына байланысты проблемаларға баса назар аударылады. 

Автор заңнама техникасы жөнінде сөз болған кезде басты назар нормативтік құқықтық актілердің логикалық түзілуінің қағидалары мен қағидаттарына, заңнама стилі мен оны жазу кезінде пайдаланылатын тіл нормаларына аударылу керектігін ескертеді. Нормативтік құқықтық акт жүйесін жасауда құқық нормасы анық та, түсінікті болуы үшін қолданылатын тәсілдер туралы ғылыми тұжырымдарын ортаға салады. Заң шығару процесінде оған қатысушылармен қатар жалпыға ортақ түсінікпен орныққан объективті қажеттілікті мәтінде дәл бейнелеу аудармашылардың да берік ұстанатын қағидасы болуға тиіс екендігін дәлелдейді.

Нормативтік актінің орындаушыға бүкпесіз түсінікті болуы үшін барынша айқындалып әзірленген, екіұшты түсінуге жол бермейтін логикалық жүйелі болуы міндетті екендігін нақты мысалдармен дәлелдейді.

Нормативтік актілердің қазақшаға аударылуында қолда бар сөздіктерге назар аударылмаудың теріс салдарларын атап көрсетеді. Заң аудармашысы үшін ауадай қажет орыс тілінде шыққан сөздіктерді былай қойғанда, Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігіне назар аудармаудың салдарынан жол берілген қателер туралы сын пікірлерін ортаға салады. Қазақ тіліндегі мән-мағынасы анық, түсінікті сөздің заң мәтінінде дұрыс қолданылмауы заңның дұрыс орындалмауына әкеп соғатынын, ал мұндай жауапсыздыққа жол беруге болмайтындығын ескертеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2017

##submission.howToCite##

Сафуани, Е. С. . (2017). ЗАҢНАМА ТЕХНИКАСЫ МЕН ТІЛІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(48). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/446

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан