ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚК 318-БАБЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Yevgeniya Vladimirovna Yespergenova

Кілт сөздер:

заңнама, нормативтік құқықтық құжаттар, медицина қызметкері, клиникалық зерттеу, денсаулық және өмір, қылмыстық құқық бұзушылық

Аңдатпа

Мақалада клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін норманы жетілдіретін кейбір қылмыстық-құқықтық аспектілері қарастырылған. Мақаладағы зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы ҚК 318-бабында көзделген қылмыстық-құқықтық норма болып табылады. Бұл еңбектің мақсаты қылмыстық заңнама мен оны қолдану практикасын жетілдіру бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды зерттеумен сипатталады. Зерттеу әдіснамасы құқықтық салыстыра талдау, теориялық қорыту, нормативтік негіздеу және ғылыми-практикалық синтездеу сынды жалпыға танылған ғылыми әдістерден тұрады. Автор жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуға қарсы әрекет ету мәселелерінде қолданыстағы қылмыстық заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру бағытында ұсынымдар ұсынады. Жалпы, автор қоғамға аса қауіп төндірмеймін қылмыстық жазаға лайық іс-әрекет жасаған адамдарға қатысты қылмыстық саясаттың одан әрі дамуын ізгілендіруге бағытталған 2010-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру және қылмыстық заңнаманың жекелеген нормаларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы ҚК 318-бабының 1-бөлігін қылмыстық теріс қылықтар санатына ауыстыруды ұсынады. Еңбекте орын алған заң әдебиеттерін, құқық қолдану материалдары мен осы ортадағы респонденттер сауалнамаларын талдау негізіндегі қорытындыларды, нәтижелерді, тұжырымдарды алдағы ғылыми зерттеулерде, заңнамаға ұсыныстар дайындауда, қылмыстық құқық, сондай-ақ криминология курстарын оқытуда оқу процестерінде қолдануға болады.

 

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2017

##submission.howToCite##

Yespergenova, . Y. V. (2017). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚК 318-БАБЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(48). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/449