ФЬЮЧЕРСТІК ШАРТ ҰҒЫМЫ МЕН СИПАТТАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
фьючерс, шарт, қаржы нарығы, қаржы құралдар, деривативАңдатпа
Аталған мақала 2017 жылы «Қазақстан Республикасы заңнама институты» ММ азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкерімен, туынды құралдар нарығындағы фьючерстік шарттың проблемалары мен перспективаларына арналған талдау есебінің негізінде дайындалған. Туынды бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдардың және тікелей фьючерстік шарттардың (контракт) зерттеуін Белов В.А., Диденко А.Г., Кандыбка А.И., Мороз С.П., Нургазина А.М., Сaфоновa Т.Ф., Салихова А. Р., Ульданова Д. Р. және т.б. ғалымдар жүзеге асырған.
Сонымен қатар жоғарыда аталған мәселелер соңғы уақытта ерекше маңыздылығын алуда. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының 2.5 тармақшасында құнды қағаздар нарығын құқықтық реттеу ұлттық құнды қағаздар нарығы бәсекелестігінің артуына және одан әрі дамуына оның қатысушыларына қолайлы жағдайлар жасауға, эмитенттер базасы мен қаржы құралдары қатарының ұлғаюына инвесторлық базаны дамыту мен инвесторлар мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады деп көрсетілген. Сонымен бірге елдің экономикалық белгісіздігі, стандартты қаржылық құралдар арқылы капиталды жұмылдырудың мүмкінсіздігі дериватив сияқты қаржылық инновацияларды қолдану қажеттілігін анықтады. Осы зерттеу Қазақстанда туынды қаржы құралдар нарығын реттеудегі заңнамалық база негіздіерінің жоқ екендігін және айтарлықтай сұранымның жоқтығын алған жағдайда өзекті болып келеді.
Сондықтан мақаланың мақсаты - фьючерлік шарттың түсінігі мен сипаттамалық ерекшеглігін талдау болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін диалектика, метафизика, дедукция, талдау, салыстыру, синтез, жинақтау және формалды-заң әдісі қолданылады.
Мақаладан алынған зерттеу нәтижелері туынды қаржы құралдар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудегі заң шығармашылық жұмыстарында және де қаржылық нарығын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зертеулерде қолданылуы мүмкін.