ТИТУЛДЫҚ САҚТАНДЫРУ АДАЛ НИЕТТІ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Әсел Арыстан

Кілт сөздер:

титулдық сақтандыру, меншік құқығы , адал ниетті сатып алушы, ерікті сақтандыру, титулдық сақтандыру шарты, жылжымайтын мүлік

Аңдатпа

Жылжымайтын мүлік нарығы жоғары тәуекелді қызмет саласы ретінде сипатталады. Нарықтың бұл сегментінің әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Бір жағынан, жылжымайтын мүлік инвестициялық қызмет нысаны болып табылса, екінші жағынан, әсіресе, тұрғын үй саласы мәселелері қозғалған сәтте жоғары әлеуметтік мәнге ие.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу қаржылай шығындар тәуекелімен түйіседі, олардың қатарында меншік құқығын жоғалту ықтималдығымен байланысты заңды тәуекелдерді бөліп көрсету қажет. Негізгі себептер ретінде жылжымайтын мүлік айналымын тіркеу жүйесінің жетілмегендігін және адал ниетті сатып алушылардың мүдделерін тиімді қорғаудың болмауын ерекше көрсетуге болады.

Титулдық сақтандыру жылжымайтын мүлікті адал ниетті сатып алушылардың мүліктік мүдделерін қорғау тетігінің бір бөлігі болып табылады. Алайда жылжымайтын мүлік саласындағы осы сақтандыру түрі жылжымайтын мүлік айналымы қатысушыларының мүдделерін тиісті түрде, соның ішінде заңнамалық деңгейде қамтамасыз етусіз қымбат тұратын әрі тиімсіз қаржылық құралға айналдырады.

Зерттеу мақсаты Қазақстанда титулдық сақтандыруды дамытуға кедергі келтіретін себептерді және титулдық сақтандыруды құқықтық реттеу кемшіліктерін анықтау болып келеді. Зерттеу нысанының назарында ерекше әлеуметтік және экономикалық маңызға ие жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер орналасқан. Жүргізілген талдау көрсеткендей, титулдық сақтандыру жылжымайтын мүлік айналымын реттеу жүйесінің үлгісімен және адал ниетті сатып алушылар құқықтарының қорғалуына кепілдіктер берумен өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты жұмыстың мақсатына жеті үшін аталған өзара байланыс мәселелерін талдау бойынша міндеттер айқындалды. Алынған нәтижелердің негізінде қорытындылар мен ұсынымдар тұжырымдалды.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2017

##submission.howToCite##

Арыстан, А. (2017). ТИТУЛДЫҚ САҚТАНДЫРУ АДАЛ НИЕТТІ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ РЕТІНДЕ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(48). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/454