ТЕРМИНДІК ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ТҮПМӘТІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Мәди Айтбенбетұлы Айымбетов
  • Ерболат Мағжанұлы Елубай

Кілт сөздер:

заң мәтініндегі тұрақты тіркестер, анықтауыш санатындағы сөз орамы, лексикалық бірлік санаты, заңнама лингвистикасы, терминнің лексикалық нақтылығы мен үйлесімділігі

Аңдатпа

Мақалада заңнамалық және құқықтық-ресми тіркестердің іс жүргізу құжаттамаларындағы, құқықтық нормасы бар тұрақты тіркестердегі жиі кездесетін терминдік қолданыстарды саралаудың маңызды ерекшеліктері қарастырылады. Олардың түпмәтіндік қолданылуының лексикалық кейбір сипаты туралы тұжырым жасалады. Терминдік тұрақты тіркестердің заң мәтінінде нормалық дәлдікпен әрі лексикалық өлшемге сай орнығып, біріздендірілуі заңнама мәтінімен жұмыс істеу барысындағы өзекті мәселелердің бірі екені айрықша атап көрсетілген. Ал бұл мәселе - заңнама мәтіндерін сапалы етудің бірден-бір кепілі болып табылады.

Терминдік тіркестердің жасалымындағы бір ерекшелік ретінде оның бір сөзден тұратын басқа тілдегі баламасының қазақша мәтінде бірнеше сөзбен берілуіне қатысты ойлар мақалада ортаға салынады. Құқық нормасының нақтылануы қажеттілігінен туындаған мұндай тіркестік термин ұлттық заңнама мәтінінде орнығып келетіндігінің мысалдары келтіріледі.

Заң терминологиясында тұрақты сөз тіркестерінің, заң фраземасының ерекше мәнді сипаты - олардың белгілі бір деңгейде лексикалық бірліктің санатында қарастырылуында деген тұжырымға ден қойылған. Мақаланың өзегі заң тұрақты тіркестерінің, тұтастай алғанда заң лингвистикасының мәтіндік, мазмұндық ерекшелігін анықтайтындығына негізделген.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Айымбетов, М. А. ., & Елубай , Е. М. . (2018). ТЕРМИНДІК ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ТҮПМӘТІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/456

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан