ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕР ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
латындандыру, көптілділік, этимология, кірме сөздер, кірме лексика, фонетикалық транскрипцияАңдатпа
Бұл ғылыми мақалада автор қазақ тілі лексикасындағы басқа тілден аударылған және алынған, бірақ бұған қоса пайда болуы жағынан латын тілімен ортақ тамыры бар сөздер құрамын талдауды ұсынады.
Заңнама терминдерінің қазақша сөздігінде орыс тілінен аударылған, латын тілінен шыққан сөздер өте көп. Өз кезегінде, бұл сөздер орыс тіліне басқа еуропа тілдерінен кірген, бірақ олардың барлығының, түптеп келгенде, тамыры ортақ – латын. Мұндай кірме сөздер көбіне абстрактілі не терминологиялық сипатқа ие. Яғни қолданылу саласымен ғана шектелген сөздер.
Мақалада латын тілінен алынған кірме сөздер арасында интернационалдық сөздер өте көп екендігі айтылады. Оларды мағыналық мазмұны, грамматикалық құрылымы және т.б. жағынан топқа бөліп қарайды. Яғни латын тілі орта ғасырларда ғылымның интернационалдық тілі болған және қазір де солай болып қала бермек.
Қазіргі медицина, химия, ботаника, зоология, философия, саясат, өнер салаларында әлі осы күнге дейін жаңадан пайда болған ұғымдарды белгілеу үшін латын негіздері кеңінен қолданылыр жүр.
Сонымен бірге, автор мақалада қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне ауысуы аясында заңнама терминологиясындағы латын тілінен алынған кірме сөздерді қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын ғана қолдана отырып, жалпы қолданылатын түрде алсақ, бүгінгі заман үрідісіне лайық болар еді деп ой салады.