ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_66Кілт сөздер:
Халықаралық кеңес, Жоғарғы Сот, қорытынды, маман, ұсыныс, инвестициялық дауАңдатпа
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады . Қазақстан Республикасының алдында одан әрі демократиялық қайта құру жолында тұрған маңызды міндет құқықтық мемлекеттің конституциялық идеяларын іске асыруға бағытталған құқықтық саясатты іске асыру болып табылады. "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" атты 25 қадамға сәйкес елімізде беделді шетелдік судьялар мен заңгерлердің қатысуымен үздік халықаралық стандарттарды енгізу үшін ҚР Жоғарғы Соты жанынан Халықаралық кеңес құрылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің ғалымдары мен мамандарының қорытындылары инвестициялық дауларды қарау кезінде соттың заңды және негізделген шешімдерін шығаруға ықпал етеді және дәлелдемелер арасында өз орнын алады деп санаймыз.
Зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңестің қызметін Қазақстан Республикасының сот төрелігі жүйесін жетілдіру факторы ретінде анықтау. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің дамуына оның қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру ықпал етуі мүмкін.
Мақалада авторлар инвестициялық дауды қарау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңес мамандарының қатысуымен байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Авторлар инвестициялық дауды қарау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңес мамандарының қорытындысын іс бойынша дәлел деп санауға болады деген қорытындыға келді.