ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
баланың жеке мүліктік емес құқықтары, іске асыру, халықаралық стандарттар, бала құқықтарын қорғауАңдатпа
Зерттеудің мақсаты балалардың құқықтарына қатысты халықаралық құқық нормаларын іске асырудың құқық қолдану практикасының теориялық ережелерін және проблемаларын, соның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында жеке мүліктік емес құқықтарды кешенді талдау, ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенция нормалары мен ұлттық заңнаманың салыстырмалы - құқықтық талдауы Қазақстанда бала құқықтары туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында өзінің ұлттық заңнамасын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтуге мүмкіндік береді. Баланың заңмен реттелетін жеке мүліктік емес құқықтары, теориялық ұстанымдары, статистикалық деректер мұқият қаралып, сот практикасынан практикалық материалдар талданады. Автор әзірлеген ұсыныстарды, жинақталған нақты материалдарды балалармен жұмыс істейтін, түрлі министрліктер мен ведомстволар, қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары, ата-ана қауымдастығы және басқа да мүдделі тараптар мамандары жағдайды жақсарту және балалардың құқықтарын құрметтеу үшін қолдана алады. Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелерін оқу үрдісінде «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» пәнін оқытуда, осы тақырып бойынша ғылыми зерттеулерде қолдануға болады. Зерттеу негізі бойынша халықаралық құқықтық актілердің нормаларына сәйкес ұлттық заңнамада балалардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау және іске асыруды жетілдіруге бағытталған тұжырымдар жасалды.Мақаланы жазуда жеке-ғылыми және жалпы танымдық ғылыми әдістер қолданылды: нормативтік-логикалық, тарихи, салыстырмалы заң, аналитикалық, синтез, жүйелік-құқықтық және тағы басқа.