ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ НОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Гүлнар Еркебұланқызы Әбдірасұлова

Кілт сөздер:

азаматтық-құқықтық нормаларды қолдану, міндеттеме, шарттық міндеттеме, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету, шарттық міндеттемелерді орындау туралы істер бойынша соттық тәжірибе

Аңдатпа

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 жылдың 17 қаңтарында ұсынған жолдауында, басым міндеттердің бірі заң алдындағы теңдік құқықтықтәртіптің нақты негізі ретінде жариялады. Бұл бағдарламада, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруде, сот жүйесі тәжірибеде ашық әрі қолжетімді, қарапайым және кез келген дауларды тез шешуді көрсеткен.

Дамудың қазіргі кезеңінде біздің еліміз осы бес жылдық кезеңнің нәтижелерін келешекте кешенді жолда талқылайды және бағалайды. Мақала авторы көрсетілген контекст аясында соттық жүйенің қызметінің өзекті мәселелері, соның ішінде шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету туралы нормалар аясында зерттеді. Азаматтық-құқықтық нормалардың сотта қолдану, күрделі, кешенді құбылыс ретінде құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде түсінуден басқа, құқықтық шынайлықтың элементінің бірі ретінде, құқықтық нормалармен қатар, құқықтық қатынастар, субъективтік құқықтар мен міндеттерді, заңи жауапкершілік, құқықтық түсінік, құқықтық мәдениетті түсіндіріледі. Нақты құқықтық қолдану құқықтық реттеудің мақсатына жетудің маңызды механизмінің бірі, соттық жүйенің айқындығы мен қолжетімдігі.

Автор осы мақалада азаматтық істер бойынша қазақстандық сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талдайды, шарттық міндеттемелердің әртүрлі тәсілдерінің орындалуын қамтамасыз етумен байланысты. Сонымен қатар, автор қазақстандық азаматтық құқыққа міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жаңа тәсілін енгізуді ұсынады, ол шетел тәжірибесінде оңтайлы қолданысқа ие – тауарлық тұрақсыздық айыбы.

Ұсынылып отырған ғылыми зерттеуде тәжірибедегі құқықтыққолдану мәселесін, жедел шешуді талап ететін, нақты қорғау деңгейін арттыру мақсатында және шарттық қатынастарға қатысушылардың мүддесі үшін танымал анықталған әрекеттерін қолданған.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2017

##submission.howToCite##

Әбдірасұлова, . Г. Э. (2017). ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ НОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/466

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық