МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТЕТІГІН ӨҢІРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ

Авторлар

  • Дана Ақылбекқызы Ешiмова
  • Абатұлы Нұрпейiсов Рысбек

Кілт сөздер:

МЖӘ тетіктері, МЖӘ жобалар, заң жүйесi;аймақтар, жергiлiктi атқару мекендерi

Аңдатпа

Әр аймақтың және әр мемлекеттiң даму мәселелерi транспорттық, әлеуметтiк, энергетикалық инфраструктура құрылымдарын көздеген шараларына тығыз байланысты. Осы тұрғыда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік(МЖӘ), аталған мәселеленi шешуге тұрақты ат салысады. Осы уақытқа дейiн, МЖӘ көп мемлекеттерде енгiзiлген.

Елдің басты стратегиялық құжатында: «Қазақстан-2050» Стратегиясында МЖӘ механизмін енгізуге ерекше көңіл бөлінген. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және МЖӘ дамыту жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу,инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алупринципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизмнің бірден-бір бағыты болып белгіленген. Сонымен қатар медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бағытта да, жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін МЖӘ желісін құруда да МЖӘ басымды қолдану мен дамыту айтылған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының МЖӘ үшін құқықтық базаны анықтау, мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу бойынша міндеті 2013-2016 жылдарда заңнамаға МЖӘ жобаларының тартымдылығын арттыру мен оларды кеңінен,соның ішінде өңірлерде қолдануға бағытталған тұғырнамалы өзгерістер енгізумен іс жүзінде орындалды. 2015 жылы МЖӘ туралы жаңа заң қабылданды, одан бастап Қазақстанда МЖӘ дамуының жаңа айналымы басталды.

Аталған мақала, МЖӘ механизмдерiн Қазақстан Республикасында енгiзуге байланыстыәрекеттердi зерттейдi. Осы тұрғыда, мақалада халықаралық және Қазақстандык тәжiрибелерді талқылау және заң жүйесiнiң анық сараптамасы келтiрiлген. Мақаланың авторлары МЖӘ механизмдерiн аймақтарды дамытуға пайдалануына сәйкес нақты ұсыныстарды оқырмандардың назарына ұсынып отыр.

##submission.downloads##

Жарияланды

23.02.2022

##submission.howToCite##

Ешiмова . Д. А., & Рысбек, Р. А. (2022). МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТЕТІГІН ӨҢІРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/467

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық