СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУДІҢ БАСТАЛУЫНА БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕСТІК НЫСАНЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Арыстан Нөкешұлы Ахпанов
  • Александр Леонидович Хан

Кілт сөздер:

қылмыстық іс, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, тергеуші, анықтаушы, прокурор, тергеу судьясы, шағым, тіркеуден бас тарту

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот ісіндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау проблемаларына арналған. Авторлар өтінішті тіркеуден  бас тарту және СДТБТ-не хабарлау және қылмыстық қудалау органының әкімшілік-құқықтық ретінде, азаматтық-құқықтық ретінде де одан әрі қарай қолданылуы үшін процессуалдық негіз болатын пісіп жетілген ресми құқықтық актіні шығаруы қажеттігі мәселелерін қарастырады.

Сондай-ақ жұмыста сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудан бас тартуға шағымды қарау бойынша прокурор мен тергеу судьясы арасындағы құзыреттер арақатынасы туралы мәселе зерттеледі.

Тергеу бөлімшелері қызметкерлеріне қойылған сауал нәтижелеріне және тергеу судъяларының жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы статистикалық деректерге сүйене отырып, мақала авторлары заңда көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде де болжанып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар туралы түскен барлық өтініштерді (хабарламаларды) жаппай тергеудің теріс үдерісіне назар аударады. Нәтижесінде олар ведомстволық  қарау тәртібінде сотқа дейінгі қарауды бастаудан бас тартуға шағымды қарау мүмкіндігіне тыйым салуды (нұсқамалық емес) нормативтік бекіту жолымен қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) және шешімдеріне шағымдану процесінің екі сатылы қолданыстағы рәсіміне өзгерістер енгізу қажеттігі туралы тұжырымға келеді.

Азаматтар мен қылмыстық қудалау органдары арасындағы өтінішті тіркеуден бас тартуға қатысты жергілікті құқықтық дауларды шешу –юрисдикциялық сипатқа ие болатындықтан, прокурордың емес, тергеу судъясының қарауына жатады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2017

##submission.howToCite##

Ахпанов , . А. Н. . . . ., & Хан , . А. Л. . (2017). СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУДІҢ БАСТАЛУЫНА БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕСТІК НЫСАНЫ ТУРАЛЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/469

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс