ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ» ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_76Кілт сөздер:
заңнама, жасыл экономика, охрана окружающей среды.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып «жасыл экономиканы» дамытуды реттеу мәселелері қарастырылады. Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығына қатысты ағымдағы жағдайы қозғалды. Осы тұрғыда дәстүрлі энергетикалық технологияларды пайдалану салдарынан айналадағы ортаны ластайтын табиғи монополистер мен ЖЭС, ЖЭО кәсіпорындарын тікелей емес субсидиялау байқалады.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамадағы әлеуметтік компонентті есепке алынуы атап өтілді. Орталық және жергілікті деңгейлерде белсенді мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу, салықтық ынталандырудағы реттілік, ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануды қолдау үшін тауарларды жасыл сатып алуды дамыту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласында жеткізушілерді таңдау рәсімдерінің ашықтығы, тұрғындарды жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарымен, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету арқылы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу қажеттілігі атап өтілуде.
Қазақстанда электр энергиясын тұтыну құрылымы туралы мәліметтерге сүйене отырып, экологиялық заңнаманың реттеуші әлеуетін жетілдіру және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік экологиялық саясаттың әсер ету фокусын шоғырландыру бойынша ұсыныстар жасалды.
Қалдықтарды сұрыптаудың бар тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекс жобасында ұсынылған қалдықтарды термиялық кәдеге жарату арқылы энергияны алу сияқты «жасыл» технологияларға сәйкестендіру қажеттілігі туралы пікір айтылды.
Мақалада аталғанмен қатар, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтынудың негізгі салаларындағы бірінші кезектегі міндеттерді шеше отырып, «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды.