ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Кілт сөздер:
қылмыстық жауаптылықтан босату, түрлері, қылмыстық жауапкершілік пен жазаның бұлтартпастық қағидасы, қажетті қорғаныс, процестік келісім, рақымшылық жасау туралы актiАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасында қылмыстық жауапкершіліктен босату институтының сауалды мәселелеріне арналған. Өткізіліп жатқан қылмыстық заңнаманы гуманизациялау саясаты аясында мақала тақырыбы өзекті болып табылады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында мемлекеттің әрі қарай дамуының өзекті бағыттары белгіленген, оның ішінде біздің құқықтық жүйеміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру аясы да кіреді. Қылмыстық саясатты әрі қарай гуманизациялаумен қатар, «мемлекет құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидасын ұстану тиістігі» ескеріледі. Сондықтан, жасалған құқық бұзушылық үшін заңда көзделген жауапкершіліктің бұлтартпастық қағидасын күшейту мақсатында, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны жауапкершіліктен босатуды мүмкін ететін арнайы нормалардың дұрыс қолданылуы маңызды болып табылады.
Мақалада қылмыстық жауапкершіліктен босататын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің нормаларын қолдану нәтижесінде қылмыстық құқықтың маңызды қағидаларын бұзу қаупі туындайтыны туралы ескеріледі. Авторлардың пікірі бойынша маңызды мәселелердің бірі ретінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың тізімінің кең болуы деп атайды. Аталған тезисті негіздеу мақсатында кейбір шет елдер заңнамасына салыстырмалы анализ жасалынды.
Авторлар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінен қажетті қорғаныс шегін асқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату (ҚР ҚК 66-бабы) және рақымшылық жасау туралы актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК 78-бабы) сияқты нормаларды алып тастап, қылмыстық жауапкершіліктен босатудың негіздер санын қысқартуды ұсынады.