ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМЫ: ТАРИХЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
Қызыл Ай, ұлттық қоғам, Қазақстан, құқықтық мәртебе, қызмет ету мәселелеріАңдатпа
Мақала авторалары өздерінің алдына келесі міндеттер қойып отыр: Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының пайда болу тарихын ашып көрсету, оның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ Ұлттық қоғамның мәртебесіне байланысты және оның жемісті қызмет етуіне теріс әсерін тигізіп отырған кейбір құқықтық мәселелерге талдау жүргізу. Осы міндеттерді табысты шешу үшін тарихи әдіс және құрылымдық-функциялық әрі жүйелік талдау әдістері қолданылды.
Мақалада Қазақ КСР Қызыл Ай қоғамының мирасқоры болып табылатын Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының тарихи тамырлары қарастырылған. Авторлар ҚР ҰҚАҚ құқықтық мәртебесі халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасының нормалары ұштасатын күрделі, құрамдас сипатқа ие деген тұжырымға келеді. Олар Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Ұлттық Қоғамының қазіргі құқықтық мәртебесінің айрықша ерекшелігі ретінде айтарлықтай маңызды заңи кемшіліктерінің болуын атап өтеді. Осы кемшіліктердің салдарынан Ұлттық Қоғамға коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарға арналған қолданыстағы заңнама нормаларының үлкен бөлігі толығымен таратыла алмай отыр. Түбінде бұл Қазақстанды Женева конвенциялары мен басқа да халықаралық құқықтық актілер бойынша өзінің халықаралық міндеттерін орындамай отырған мемлекеттің жағдайында қалдыруда. Өз кезегінде, бұл факті «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген басты міндеттердің бірінің, атап айтсақ, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты қарқындату мен прогрессивті халықаралық бастамаларды қолдау бойынша міндеттің орындалмауына алып келуде. Авторлардың пікірінше бұл мәселені Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы туралы жеке-дара заңнамалық актіні қабылдау арқылы шешуге болады.
Авторлар жасаған қорытындылардың белгілі бір деңгейдегі ғылыми жаңалығы бар деп есептеуге болады, өйткені отандық заң ғылымында олар алғашқы рет жария етіліп отыр. Сонымен қатар, бұл қорытындылардың Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын одан ары жетілдіру үшін және «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін тек теориялық қана емес, тәжірибелік те маңыздылығы бар.