ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН ОНЛАЙН КРЕДИТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕУ БӨЛІГІНДЕ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
ақша-кредит саясаты, кредит, интернет, онлайн несиелендіру, азаматтық заңнама, заем шарты, сыйақы, кәсіпкерлік, қаржыландыру мөлшерлемесАңдатпа
Бұл ретте интернет арқылы кредит беретін заңды тұлғалар банктерге немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға жатпайтынын атап өту қажет.
Қарастырылатын тақырыптың өзектілігі бүгінгі күні мұндай онлайн-компаниялар Қазақстанда кең таралғанымен және жылдық пайызға қайта есептегенде 900%-ға дейін жететін негізсіз ұлғайтылған сыйақы мөлшерлемелерін белгілейтінімен шартталады.
Жоғарыда айтылғанға байланысты авторлармен ҚР Азаматтық кодексінің нормалары, заң әдебиеті, сондай-ақ онлайн-компаниялардың заем беруі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу бойынша шетел тәжірибесі зерттеліп, тиісті қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.
Атап айтқанда, талдау жүргізу барысында авторлар заем шарты бойынша сыйақы мөлшерін және оларды төлеу мерзімдері мен тәртібін анықтаудың диспозитивтілігіне қарамастан, ҚР Азаматтық кодексі заем шарты бойынша сыйақы мөлшерлерінің заңнамамен бекітілуі мүмкіндігін көздейтіні туралы қорытынды жасады (мысалы, ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері).
Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында авторлармен қолданыстағы заңнамада заем шарты бойынша төленетін сыйақы мөлшеріне қатысты банк заемдарына, микрокредиттерге және т.б. ұқсас бірқатар шектеулерді көздеу ұсынылды.
Бұл ретте заем шартында сыйақы мөлшері туралы нұсқау болмаған жағдайда, авторлар шетел тәжіриебесін, атап айтқанда Ресей Федерациясының тәжірибесін қолдануды ұсынады, оған сәйкес сыйақы борышты төлеу күніне заем берушінің орналасқан немесе тұратын жері бойынша белгіленген банк пайызы мөлшерлемесімен (қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен) айқындалады.

