САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
Салық кодексі, салық төлеуші, салық салу объектісі , салық базасы, салық кезеңі, салық жауапкершілігі, салық агенттеріАңдатпа
Осы жұмыс қолданыстағы салық заңнамасының барлық өзекті мәселелерін жарық қылмайды. Алайда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің тиімсіз жұмыс жасайтын жеке ережелерін көрсету әрекеті жүргізіледі, соның ішінде:
СҚ 27-бабының ережелеріне қарамастан әлеуметтік салықты есептеу (358-баптың 2 тармағы);
салық төлеушінің қазіргі уақыттағы қаржы жағдайының ескерімінсіз, алдыңғы жылдың деректеріне сәйкес КТС бойынша аванстық төлемдерді өтеу (141-бап);
мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге, арнаулы салық режимiнің талаптарының таралмауына, оны қолдануға жол бермеу бойынша ескертпені нақтылау қажеттілігі (428-баптың 3 тармағы);
салық төлеуші салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомалары салық төлеушiнi жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілу ережелерін нақтылау (70-баптың 3 тармағы);
«мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады» деген ереженің тұрғынжай емес ғимараттарға таралу мақсаттылығы (180-1-баптың 6 тармағы);
мүлікке иелік ету шектеулерін алу туралы шешімді қабылдау жағдайын кеңейту қажеттілігі (613-баптың 10 тармағы);
меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі туралы ережелерді жүзеге асыру мәселелері (155-баптың 3 тармағы);
зейнетақы жарналарын есептеудің бірыңғай қағидаларына қатысты мәселе.
Бұдан басқа мақалада «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасына сілтеме жасалып, салық заңының тұрақсыздығы және салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімдері мен талаптар сияқты қолданыстағы кодекстің мәселелері айқындалады