ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Кәсіпкерлік кодек, кәсіпкерлік қызмет, кәсіпкерлік субъектілері, құқықтық мониторинг, бизнес, кәсіпкер, кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау, тексерулерді жүргізу, кәсіпкерлер құқығыАңдатпа
2017 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ Құқықтық мониторинг орталығы қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне құқықтық мониторинг жүргізілді.
Мақалада Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қолдану практикасын, кәсіпкерлік саласындағы ғылыми зерттеулерді, шетелдік тәжірибені және үкіметтік емес ұйымдардың материалдарын зерделеу негізінде жасалған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің проблемалық мәселелеріне талдама көрсетілді.
Құқықтық мониторинг процесін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» ММ Құқықтық мониторинг орталығы қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органның және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу нәтижесәнде қатысушылар Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірледі.Бұл ұсыныстар мақалада талданылды.
Осылайша, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне құқықтық мониторинг жүргізу барысында Кәсіпкерлік кодексі мен Азаматтық кодексінің ара қатынасымен байланысты, кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесумен, мемлекеттік бақылау және қадағалаумен байланысты және жеке кәсіпкер тұжырымдамасының сәйкессіздігі мәселелері анықталды.
Мақалада жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін келесі тұжырымдар мен ұсыныстар ұсынылды: Кәсіпкерлік кодексінің нормалары мен Азаматтық кодекс нормалары арасындағы сәйкессіздіктер туындаған жағдайда туындауы мүмкін проблемаларды болдырмау үшін Кәсіпкерлік кодексінде «осы Кодекстің нормалары мен ҚР Азаматтық кодексінің нормаларына қайшылықтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормалары қолданылады» деп көделуі тиіс, Азаматтық кодексінің 11-бабына «Еркін кәсіпкерлікті асыра пайдаланудың жол бермеуі туралы» ережені қосуды қарастыру, Кәсіпкерлік кодексінің нормаларынан тексеруді уәкілетті мемлекеттік органмен жарамсыз деп тану қажеттілігін алып тастап оны келесі нормаға ауыстыру қажет: жарамсыздық сотпен танылады, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтарды жоюды ұсынады және басқа ұсыныстар.
Осы зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ қарастырылатын саладағы ғылыми зерттулерде қолданылуы мүмкін.