ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
заң терминдері, терминдерге қойылатын талаптар, заң стилі, тілдік нормаларАңдатпа
Заң техникасының маңызды мәселелерінің бірі заңнама тілі, ондағы қазіргі кезде елеулі орынға ие болып отырған заң терминологиясы. Ұлттық заңнамада заң терминологиясын қолдану және жетілдіру проблемасы бүгінгі күні әлемдік қауымдастыққа жеделдетіп қосылудың жаңа бағыты латын тілі жазуына ауысу қажеттігіне байланысты өзекті бола түсуде.
Осы мақаланың нысаны заңнамалық актілерде пайдаланылатын заң терминологиясы проблемасын, сондай-ақ заң терминологиясына қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
Мақалада нормативтік құқықтық актілерде терминдердің дұрыс пайдаланылмауы олардың мәтіндерінің дәл болмауына және айқын болмауына және нормаларды әртүрлі талқылауға әкелетін себептердің бірі болып табылатындығы атап өтіледі.
Авторлар заң ұғымдарының мазмұны мен нысанына сәйкес емес заң терминдерін мысалға келтіре отырып оларды жоюдың тәсілі - терминология талаптары мен тілдік норманы сақтау деп көрсетеді. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерден оларды жоюдың нәтижелі тәсілдері ретінде терминологиялық кемшіліктерді жою нысанда мониторинг жүргізу және нормативтік құқықтық актілер жобаларының теңтүпнұсқалығына лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде жою деп атап өтеді.
Авторлар терминдерді талдау кезінде қойылатын талаптардың тізбесін көрсете отырып, мазмұнды дәл және дұрыс беруді қамтамасыз ету үшін оларды нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуде сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.