ПАРАСАТТЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АРҚЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Эльмира Игисинова Академия государственного управления при Президента РК
  • Жулдыз Жетпысбаевна Давлетбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_76

Кілт сөздер:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, парасаттылық идеологиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мысалында парасаттылық идеологиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзара байланысы қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қазіргі заманның өзекті мәселесі болып қалуда, өйткені сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді, азаматтық және демократиялық институттардың толыққанды құрылуына кедергі келтіреді. Соңғы уақытта осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұру үшін мемлекеттік органдар алдын алу шаралары ретінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға көбірек көңіл бөлуде. Өз кезегінде парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетігі ретінде парасаттылық идеологиясын ілгерілету, мысалы, Сингапур, Ұлыбритания және Грузия сияқты шет елдерде өзінің тиімділігін көрсетті. Парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің маңыздылығы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ыстамбұл іс-қимыл жоспарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың ұсынымдарында да көрсетілген.

Қазақстан Республикасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Мәселен, 2022 жылғы 2 ақпандағы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында мемлекеттік аппаратта және бизнес ортада парасаттылықты арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар көзделген.

Отандық және шетелдік сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды бала кезінен бастау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет азаматтар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілетуді негізге алуы тиіс.  Осыған байланысты, осы мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру біздің қоғамда бар жағымсыз құбылыстардың антиподы ретінде парасаттылық идеологиясын ілгерілетусіз толық мүмкін емес деп айтамыз.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2022

##submission.howToCite##

Игисинова, Э., & Давлетбаева , Ж. Ж. (2022). ПАРАСАТТЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ АРҚЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(68). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_76