ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ СУДЬЯЛЫҚ ЭТИКА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘРТІПТІК ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

  • Медеу Шунгенович Құрманғали
  • Жанель Юрсуновна Сайлибаева Institute of History and Law of the Kazakh National Pedagogical University named after Abai

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_142

Кілт сөздер:

әлеуметтік желілер, судья, этика, қоғам, медиа мәдениет

Аңдатпа

Зерттелетіп отырған тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамдық және құқықтық қатынастардағы әлеуметтік желілердің өсіп келе жатқан рөліне, атап айтқанда, оның сот төрелігін жүзеге асыру мәселелерінің әсеріне байланысты. Жаңа медиа мәдениеттің коммуникацияны қайта қалыптаструға және адамның жеке басы туралы ақпаратты тарату практикасына әсері соттардың қызметіне қатысты ерекше және мүдделі сұрақтармен қамтыла бастады. Цифырлық заманда әлеуметтік медианы қолдану көптеген адамдардың күнделікті іс-әрекетіне айналды. Әлеуметтік желілер ақпараттық-ағартушылық жұмыстың қуатты құралына айналды және қоғамның сот органдарына сенімін арттыруға ықпал ете алады. Алайда, әлеуметтік медианы қолдану этикалық мәселелердің жаңа шешілмеген мәселелерін тудырады. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты әлеуметтік желілердегі Судья әдебі проблемаларының кейбір негізгі халықаралық-құқықтық аспектілерін талдау болып табылады. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы судьялар мінез-құлқының осы маңызды аспектісін құқықтық талдаудан, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық құқықтық құжаттар мен прецеденттік практиканың мазмұнын зерттеуден тұрады. Әдістемелік негіздер: жалпы ғылыми әдістер (логикалық, құрылымдық және жүйелік талдау, синтез), сондай-ақ құбылыстар мен процестерді зерттеудің арнайы әдістері мен тәсілдері (формальды-логикалық, құрылымдық-функционалдық, салыстырмалы құқықтану әдісі).

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2022

##submission.howToCite##

Құрманғали, . М. Ш., & Сайлибаева , Ж. Ю. . (2022). ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ СУДЬЯЛЫҚ ЭТИКА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘРТІПТІК ТӘЖІРИБЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(69). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_142