МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_73Кілт сөздер:
мемлекеттік меншік, университеттер, мемлекеттік кәсіпорындар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, азаматтық заңнама, реформаАңдатпа
Бүгінгі таңда жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясат халықаралық стандарттарға сәйкес даму үстінде. Яғни, мемлекеттік университеттердің нарықтық заңдарға сай қызмет етіп, заңды тұлға ретінде азаматтық құқықтық айналымда еркін әрекет етуін талап етіп отыр. Осындай саясаттың нәтижесінде бірқатар ұлттық және мемлекеттік университеттер шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанынан коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанына ауысу процесінде. Бұл реформалардың негізінде мемлекеттік университеттердің өзін өзі қаржыландыру қабілетін көтеріп, келешекте қаржылық тапшылықтан шығаруға мүмкіндік болады деген үміт бар. Сондай-ақ, мемлекеттік университеттерді басқару жүйесіндегі ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер шешімін табады деп күтілуде.
Осындай кешенді реформаларды жүргізу барысында мемлекеттік меншіктегі университеттердің азаматтық құқықтық мәртебесін өзгерту үшін қажетті заңнамалық база әзірленді, яғни, Мемлекеттік бағдарламаға, Азаматтық Кодекске және өзге де тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, мемлекеттік университеттерді коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға өзгерту процесі қолданыстағы заңнаманың шеңберінде жүргізіліп отыр деген пікір қалыптасты. Алайда, коммерциялық емес акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде азаматтық құқық ғылымы тұрғысынан ғалымдар арасында пікір-таластар тудырып, теориялық мәселелер туындатып отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұғымы алғаш рет Қазақстанда қолданып отырғаны және ол азаматтық құқықтағы заңды тұлғалар институтына қарама-қайшы ұғым екені анықталды. Сондай-ақ, мұндай реформалардың нәтижесінде мемлекеттік университеттердің жаппай жекешелендіруі орын алуы мүмкін деген болжамдар жасалды.