ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Авторлар

  • Елена Николаевна Калиакперова ВКУ имени С.Аманжолова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_103

Кілт сөздер:

мониторинг, заңнама, қылмыстық құқық, қылмыстық кодекс, экономикалық құқық бұзушылықтар, экономикалық қылмыстар, жалған кәсіпкерлік

Аңдатпа

Мақалада экономиялық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады, өйткені қазіргі кезеңде Қазақстанда қылмыстық саясаттың осы бағыты басым болып табылады. Негізінен жалған кәсіпкерлік және салықтан және (немесе) ұйымдардан бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару мәселелері қаралды.

Заң шығарушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) бірқатар экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту бойынша елеулі өзгерістер енгізді, бірақ жалпы қылмыс деңгейі төмендемейді, керісінше, республиканың барлық облыстары бойынша аса жылдам қарқынмен өсуде.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағыттарының бірі экономикалық қылмыстарды ырықтандыру болып табылады, бұл субъектілердің іс-қимыл еркіндігін кеңейтуді, қандай да бір қызметке шектеулерді алып тастауды немесе қысқартуды, кәсіпкерлікті босатуды, сондай-ақ ҚР ҚК көзделген экономикалық қызметтегі қылмыстар құрамдарының құрылымын жаңғыртуды білдіреді.

Біз Р.Абдрашевтің «...Экономикалық қызмет субъектілерінің іс-қимыл еркіндігін кеңейтуге байланысты ережелер мен экономикалық (оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар) жасау үшін жағдай болып табылатын ережелерді ажырату қажет» деген пікірімен келісеміз [1, 77].

2011 жылы бірінші кезеңді қылмыстық сипаттан арылту қорытындылары бойынша (ҚР ҚК 37 – бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес) қаржы полициясы органдарының тергеулілігіне қылмыстың 85 құрамы бойынша 34-бап қалдырылды, оның ішінде 3-баламалы тергеулілікке жатқызылғандар: Қаржымині Кедендік бақылау комитетінен, ҰҚК-ден және ІІМ-ден. Экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша 2013 жылғы 13 маусымдағы № 104-v ҚР Заңы бағалы қағаздар нарығындағы құқық бұзушылықтарға деген көзқарасты біршама өзгертті. Ал 2017 жылы ҚР ҚК-нің «жалған кәсіпкерлік» деген 215-бабы алынып тасталды .

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2022

##submission.howToCite##

Калиакперова, Е. Н. (2022). ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫҢ МОНИТОРИНГІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(68). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_103