ЕАЭО МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ӘКІМШІЛІК ЮСТИЦИЯНЫ КОНСТИТУЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_13Кілт сөздер:
конституцияландыру, әкімшілік юстиция, Еуразиялық экономикалық одақ, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық реттеу, сот жүйесінің тиімділігіАңдатпа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін дамытуға байланысты мәселелердің теориялық және практикалық маңыздылығымен негізделген.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығында әкімшілік юстицияны конституцияландыру үдерісінің біркелкі еместігі анықталған, оның ЕАЭО-ға мүше әр мемлекеттің өзіне тән, соның ішінде Конституцияны құндылық ретінде қабылдаумен, оның үстемдігін және ұлттық юрисдикция шегінде тікелей іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелерімен, конституциялық нормалардың заңнамалық реттеуге әсер ету тәсілдерімен байланысты ерекшеліктері көрсетілген. Бұл ерекшеліктер Конституциялық процестердің осы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму динамикасымен өзара байланысы тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар, оның маңызды құрамдас бөлігі осы мемлекеттердің Конституциясына түзетулер енгізу, сондай-ақ жаңа заңнамалық актілерді қабылдау болатыны атап өтілген.
Ғылыми мақалада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде әкімшілік юстицияны конституциялық-құқықтық реттеуді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері мен бағыттарына талдау ұсынылған. Олардың екеуі де ішкі және сыртқы факторларға байланысты екендігі көрсетілген. Автор ішкі фактор ретінде бұл мемлекеттердің конституционализм идеяларын қабылдауын және оларды ішкі қатынастарға енгізуді, сондай-ақ конституциялық заңнаманың қарқынды дамуын, адам құқықтарын қорғаудың сот тетіктерін жетілдіру мен саралауды жатқызады. Сыртқы факторлар ретінде халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқықтық жүйелерге әсері, олардағы тиісті нормалар мен қағидаттарды имплементациялау, басқа елдердің құқықтық тәртібінде жұмыс істейтін конституциялық-құқықтық институттарын негізге алу, мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестер, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын одан әрі үйлестіру және ішінара біріздендіру қаралды. Осы факторлардың қолданылуы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде әкімшілік юстицияны ұйымдастыру мен олардың жұмыс істеуіне байланысты қоғамдық қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеуге көзқарастарды жақындастыру үшін алғышарттар жасайды. Одақ елдері үшін осы реттеудің ортақ стандарттарын қалыптастыруға объективті қажеттілігі, оларды іске асыру олардың конституциялық-құқықтық даму векторларын жақындастыруға және бірыңғай құқықтық кеңістікті одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігі айқындалған.