БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Алтай Байсултанов Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им. М. Букенбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_58

Кілт сөздер:

қашу, қадағалау, күзет, бас бостандығынан айыру орындары, сотталған, қауіпсіздігі барынша төмен мекеме

Аңдатпа

Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жүйесіндегі ең қатаң жазалардың бірі болып табылады. Оның жазалау сипаттамасы жазаны өтеу жағдайларына да, сотталған адамның әлеуметтік ортасына да байланысты. Сондықтан пенитенциарлық қылмыстың алдын алудың маңызды бағыты бас бостандығынан айыру орындарынан қашуға қарсы күрес болып табылады.

Бұл қылмыс Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жиі кездесетіндердің бірі болып табылады. Қашудың қоғамдық қауіптілігі сотталғандарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орнын өз бетімен тастап қана қоймай, сонымен қатар жаңа қылмыстар жасау мүмкіндігінде де болып табылады. Мақалада автор күзеттен және қадағалаудан қашуды сипаттайтын қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығының нормаларын салыстырды, сонымен қатар олардың ерекше белгілері анықтады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару үшін қылмыстық нормалар салыстырылды. Жүргізілген зерттеулер, сондай-ақ күзетілетін мекемеден қашу және күзетілмейтін аумақтан, қадағалаудан бой тасалау жөнінде ғалымдардың ой-пікірлерін талдау негізінде қалам иесі қолданыстағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру мақсатында өз ұсыныстарын беріп отыр.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2022

##submission.howToCite##

Байсултанов, А. (2022). БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(68). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_58