ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІНДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ҚЫСҚАША РЕТРОСПЕКТИВТІ ШОЛУ МЕН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Кілт сөздер:
қылмыстық процесс, қылмыстық процессуалдық заңнама, ерекшеліктер, қылмыстық ізге түсу (қудалау), жаңа модель, қылмыстық сот ісін жүргізу, ретроспектива, перспектива, жаһандану, сот-құқықтық реформа, концепция, сотқа дейінгі тергеу, қисынды мерзім, процестік келісім, келісім-шарт, тергеу судьясы, процессуалдық прокурор, жасырын тергеу әрекеттеріАңдатпа
Қазақстан Республикасы қылмыстық сот ісін жүргізуді реформалау барысында құқықтық кеңістіктегі жаһандану үрдісін және ұлттық заңнаманың ерекшеліктерін ескеріп Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі жаңарды.
Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа моделіндегі қылмыстық ізге түсудің ерекшеліктері келесідей: «сотқа дейінгі тергеу» институты еңгізілген, «қисынды мерзім», «процестік келісім», «келісім-шарт» жаңа ұғымдар еңгізілген, қылмыстық процеске қатысушылар еңгізілді («тергеу судьясы», «процессуалдық прокурор», «қорғану құқығы бар куә»), «жасырын тергеу әрекеттері» жаңа институт еңгізілді және тағы да басқалары.
Жұмыста қылмыстық процессуалдық заңнама мен құқыққолдану тәжірибесінің қысқаша ретроспективті шолу мен одан әрі дамыту перспективасы қарастырылды