«КӘСІПТІК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ АҚАУЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ (кәсіподақтар саласындағы заңнаманы талдау нәтижелері)
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_204Кілт сөздер:
заң нормаларын талдау, заңнаманың тиімділігі, заңның кемшіліктері, кәсіптік одақтар, кіподақтардың құқықтары, кәсіподақтардың функциялары, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдарАңдатпа
Қазақстандағы кәсіптік одақтардың құқықтық жағдайы бірқатар нормативтік құқықтық актілермен, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" және т. б. Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген.
Қазақстанда кәсіптік одақтар қызметінің негізі 2014 жылы қабылданған "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы болып табылады, ол кәсіптік одақтардың өкілдігін кеңейту және олардың әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі әлеуметтік диалогқа қатысуы үшін құқықтық негіз жасады.
Мақала "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, оны қолдану практикасын талдауға арналған және кәсіподақтар саласындағы заңнаманы жетілдірудің проблемалық мәселелерін анықтауға және оларды шешу жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Бұл ретте құқық қолдану практикасының тиімділігіне ерекше назар аударылады.
Заңнаманы талдау заң шығару жұмысының негізгі бағыттарын неғұрлым егжей-тегжейлі жоспарлауға, заңнама нормаларымен регламенттелуі тиіс қоғамдық қатынастардың салаларын белгілеуге, қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу және жаңа актілер қабылдау қажеттілігін негіздеуге, оларды мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты зерттеу авторы "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына баптар бойынша талдау жүргізді, оны қолданудың жүйелілігі мен әлеуметтік маңыздылығын зерттеді, сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын анықтады, оларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізді, кәсіподақтар саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Осылайша, осы зерттеудің өзектілігі кәсіподақтар саласындағы заңнаманың тиімділігін, оның жүйелілігі мен келісімділігін одан әрі арттырудың объективті қажеттіліктеріне байланысты күшейтіледі.
Зерттеу нәтижелері кәсіподақтарды құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде пайдаланылуы және заң шығару қызметінде ескерілуі мүмкін.