МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР КЕМШІЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_138Кілт сөздер:
еңбек құқығының кемшіліктері, заңнамадағы олқылықтар, жою жолдарыАңдатпа
Мақалада 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде және осы Кодексті жетілдіруге әзірленген ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде осы қызметкерлердің мәртебесі туралы құқықтық нормалардың ішкі сәйкессіздігі нәтижесінде туындайтын Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудегі кейбір кемшіліктер қаралды. Бұл ретте заңнамадағы олқылықтарға – құқықтық нормалар арқылы өзінің реттемеленуін объективті талап ететін белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің толық немесе ішінара болмауына ерекше назар аударылды. Құқықта бар олқылықтарды еңсерудің көптеген түрлі тәсілдері әзірленіп, қолданылатынына қарамастан, жаңа нормативтік құқықтық актіні қабылдау арқылы анықталған олқылықтарды жою туралы қорытынды жасалады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде толық болмаған кезде қаралатын қызметкерлер санатының құқықтық мәртебесінің үстірт ашылуы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің толық еместігін көрсетеді. Осы мән-жайды ескере отырып, олқылықтарды анықтау тұрғысынан осы Кодекстің 30-тарауының ережелері, атап айтқанда, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің психикалық жай-күйін бағалауға арналған нормалардың жоқтығы; міндеттердің құқықпен араласуы; халықтың денсаулығын қорғау мақсатында маңызды шектеулердің болмауы; «дәрігерлік құпияны» және «медицина қызметкерінің құпиясын» және т.б. дұрыс айқындамау егжей-тегжейлі зерттелді. Фармацевт пен дәрішінің құқықтық мәртебесінің үстірт баяндалуы атап өтілді, бұл кезекте де заң шығарушы тарапынан жоюды талап ететін бірқатар елеулі олқылықтарға жол берілген.
Зерттеу нәтижесінде анықталған олқылықтарды жоюдың кейбір жолдары тұжырымдалған.