МҮЛIКТI СЕНIМГЕРЛIК БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

Авторлар

  • Венера Төлеутайқызы Қоныс

Кілт сөздер:

Заттай құқық, мүлiктi сенiмгерлiк басқару, сенiмгер басқарушы, келiсiм-шарт, жасасу

Аңдатпа

Мақалада мүлiктi сенiмгерлiк басқару институтының құқықтық табиғатын анықтау мақсатында оған талдау жүргізуге талпыныс жасалды. Азаматтық құқық теориясында барлық мүліктік қатынастардың заттай және міндеттемелік болып бөлінуіне байланысты талдау мүлiктi сенiмгерлiк басқару бойынша құқықтық қатынастарды заттай немесе міндеттемелік құқыққа жатқызу мүмкіндігін айқындауға бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізуде автор Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде бекітілген мүлiктi сенiмгерлiк басқару институтының нормаларын заттай-құқықтық белгілер призмасы тұрғысынан талдайды. Талдау заттай құқықтың мынадай сипаттамаларын қарастыру арқылы жүзеге асырылған: жеке анықталған зат болатын заттай құқықтың объектісі; затқа құқықтың басқаға өтуі; әмбебап сипаты; заңмен бекітілгендігі; иелік ету және/немесе пайдалану және/немесе билік ету құқығының болуы.

Жүргізілген талдау нәтижесінде автор мүлiктi сенiмгерлiк басқару институтына заттай құқықтың тек жекелеген элементтері ғана тән деген қорытындыға келеді, бұл оның міндеттемелік-құқықтық бастамаларын белгілейді. Автор аталған институттың аралас сипатқа ие болу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Дегенмен, мұндай ұстанымның даулы екенін баса атап өтеді.

Талдау аясында автор мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құқықтық табиғатына қатысты мәселенің ғана емес, сонымен қоса, заттай құқық белгілерінің тізімі мен мағынасын анықтауда да бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне назар аударады.

Берілген мақала Қазақстан Республикасы Заңнама институтының «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы шарттық міндеттемелердің өзекті проблемалары және оларды жетілдіру: құқықтық реттелуі, теория және практика» тақырыбындағы іргелі зерттеу жұмысын іске асыру шеңберінде әзірленген.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2016

##submission.howToCite##

Қоныс , В. Т. . (2016). МҮЛIКТI СЕНIМГЕРЛIК БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(44). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/556

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық