ТАҒЫ ДА ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ ЗЕРДЕЛЕУГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
Экономикалық көзқарас, қылмыс экономикасы, қылмыс шығындары, қылмыс пайдасыАңдатпа
Бұл мақалада шетелдік криминологтарға елу жылдан астам белгілі болып келген экономикалық қылмыскерлікті зерттеу әдісінде қолданылатын мүмкіншіліктер қарастырылады. Бұндай тәсілдің түйіні экономикалық ахуал мен жалпы қылмыскерлік деңгей, сондай-ақ, жекелеген бағыттардың өзара арақатынасы талдауында болып табылады.Экономикалық әдіс әлеуметтік және қылмыс жиі жасалатын аймақ жағдайына сәйкес жеке және топтық құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын негізгі себептерді анықтауға мүмкіншілік береді.
Әшкереленбейтіндігі мен жазаланбайтындығына деген адамның өзінің ішкі сенімділігі заңға бағынушылық пен әумесерлік мінез-құлық шекарасы болып табылады.Осындай жағдайда ғана «абыржушы» адамдардың басым көпшілігі заң бұзушылық жасауға барады. Демек, осыған әкеп соқтыратын уәждеме туындамауы үшін, қоғам мен мемлекет кез келген заң бұзушылыққа жазаның қолданылмай қалмайтындығы ықтималдығын ұлғайтуы қажет.Осыған сәйкес көп жағдайларда бұл елігуден бас тартқызады.
Экономикалық тұрғы көмегімен жария және астыртын бизнес мәні арасындағы пайда-шығын үйлестігін жүргізуге болады.
Кез келген қылмыстың басты мақсаты болып табылатын қылмыстық кіріс көлемі бірнеше факторға байланысты: интеллектілік деңгейі, білімі, кәсіби қызметі және т.б. Осы негізде белгілі желілер мен нақты аймақта қылмыскерлік жағдайдың өзгеруіне байланысты әдіснама жасауға болады.
Елеулі келешегі бола тұра, Қазақстандағы экономикалық тұрғыдағы қарастыру мемлекеттік саясаттың қылмыскерлікке қарсы жоғары сатыға көтерілуіне әлі негіз бола алған жоқ. Аталған әдіс аса өзекті болып табылатын өтпелі жаһандық дағдарыс жағдайында қылмыскерлікті бақылау барысындағы мемлекет пен қоғам шығынын оңтайландыруға мүмкіншілік береді. Осыған байланысты қылмыскерліктің алдын алу шараларын көз жазбай бақылау қажет.