ЗАҚСТАН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ
Кілт сөздер:
Заңнама, нормативтік құқықтық актілер, заңнамалық реттеуді талдау, салыстырмалы-құқықтық талдау, құқық қорғау қызметіАңдатпа
Кез келген мемлекеттің құқық қорғау қызметі саласындағы заңнамалық реттеуді қарастыруда мемлекеттік және қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау үшін негіздеме тиімді және сапалы құқықтық реттеу болып табылатынын мамандар атап кетеді. Аталмыш мақаланың авторлары Түрқия және Қазақстанның құқық қорғау жүйелерінің заңнамалық базаларын салыстырмалы-құқықтық талдаудың маңызды аспектісіне назар аударады. Осындай талдауды жүргізу барысында Түрқия Республикасы және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңнаманың артықшылықтарын және кейбір кемшіліктерін айқындауға мүмкін болды.
ТМД елдерінің кеңістігінде құқық қорғау қызметі туралы Қазақстанның заңнамасы үлгілі болып саналады, бірақ әлемде болып жатқан оқиғаларды ескере отырып бірінші кезеңде заңнаманы жетілдіру үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп, сонымен қатар құқық қорғау органдарының практикалық қызметін әрдайым жетілдіру қажет.
Мақалада Түрқия және Қазақстанның негізгі және арнайы құқық қорғау органдары қызметінің құқықтық базасы қарастырылады, заңнаманы жетілдіру мақсатында қолдануға мүмкін болатын оң тәжірибенің салыстыруы көрсетілген. Түрқия құқық қорғау органдары жүйесінің нормативтік құқықтық базасын қарастыру барысында маңызды бір шешім қабылдауға мімкін болды – Қазақстандық құқық қорғау жүйесінің құқықтық негізімен ұқсастығы айқын көрінеді.
Түрқия Республикасы және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жалпы талдау мен белгілі теориялық көзқарастарға сүеніп, автормен Түрқия және Қазақстанның заңшығармашылық процесте назарға алуға болатын заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді