ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫМЕН АРАҚАТЫСЫ
Кілт сөздер:
жасырын тергеу әрекеттері, іздестіру шаралары, қылмыстық процесс, дәлелдеуді қамтамасыз ету тәсілдері, арнайы тергеу әрекеттері, жедел- іздестіру іс-шараларыАңдатпа
Посткеңестік кеңістікте қылмыстық-процессуалдық құқықты дамытудың негізгі үрдістері батыстық құқықтың негіздерінің посткеңестік қылмыстық процеске өзара сіңісуімен байланысты. Мұндай енулердің бірі қылмыстық-процессуалдық және жедел-іздестіру қызметін біріктіру болып табылады. Осымен байланысты автормен жедел-іздестіру қызметін жасырын, арнайы, іздестіру және басқа процессуалдық әрекеттер ретінде белгілей отырып, жедел-іздестіру қызметін процессуалдық ретінде жасаған посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесі қарастырылады. Осы негізде мақалада жедел-іздестіру және қылмыстық-процессуалдық қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің посткеңестік үлгісінің сыныптамасы беріледі. Посткеңестік мемлекеттердің, және негізінен Қазақстанның заңнамасында және теорияда жасырын тергеу әрекеттерінің терминологиялық анықтамасының әртүрлілігі олардың жарысын тергеу әрекеттері ретіндегі анықтамаларының дұрыстығы туралы пікірталастарға әкеледі. Жасырын тергеу әрекеттерінің критерийлерін анықтай және ғылымда бар қойылатын ұсыныстарға өз ұстанымын контраргументтермен білдіре отырып, автор жаңа жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізген. Жасырын тергеу әрекеттерінің анықтамасына деген қалыптасқан көзқарас оларды іздестіру шараларымен салыстыруды жүргізуге мүмкіндік берді. Жедел-іздестіру ережелері мен қылмыстық-процессуалдық заңнамаға, сондай-ақ құқықтық ғылым жетістіктеріне жасалған талдау оларға құқықтық институт ретінде белгілі бір дербестілікті бере отырып, іздестіру шараларын анықтаудағы және оларды тергеу әрекеттерімен немесе жедел-іздестіру іс-шараларымен дәстүрлі теңестірудегі қателіктерді жойды.Зерттеу нәтижесінде автормен жасырын тергеу әрекеттерінің ұлттық қылмыстық процесс үшін жаңалығына, «жасырын» терминінің орнына «арнайы» терминін қолдану мүмкіндігіне қатысты қорытынды жасалды, сондай-ақ іздестіру шараларының мәні анықталды.