АКАДЕМИК М.Т. БАЙМАХАНОВТЫҢ ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ЗАҢНАМАНЫ ЖҮЙЕЛЕУГЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Кілт сөздер:
академик Баймаханов М.Т, заң шығарушылық, құқық жүйесі, заңнама жүйесі, заңнаманы жүйелеу, заңнаманы кодификациялау, заңнаманы шоғырландыру, заңнамалық техникаАңдатпа
Мақалада М.Т. Баймахановтың «Заң шығарушылық және заңнаманы жүйелеуге кешенді тәсілдердің қажеттілігі туралы» ғылыми мақаласында көрсетілген қазақстандық заң шығарушылық және заңнамалық жүйелеудің тұжырымдамалық тәсілдері талданған. Мақалада кейбір заң шығарушылық мәселелеріне басты назар аударылған. Баймахановтың шоғырландыру сияқты өзекті жүйелеу формасы өте маңызды тәсіл болып табылады. Автор тек М.Т. Баймаханов қана заң шығарушылық түсінігін, заңнаманың тиімділігін арттырудағы заңнаманы жүйелеудің орны мен рөлін айқындайтын тәсілдерді жеткілікті әрі нақты әзірлеп шығарған деп пайымдайды. Олар қазақстандық құқықтың және құқықтанудың даму жолдарын келесі он жылдыққа салып кетті, заңнаманы жетілдірудің, Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелеудің негізгі бағыттарын анықтап берді. Автор аталған зерттеулерді және осы тақырыптағы бұдан ерте болған зерттеулерді қайталау немесе жалпылау мақсатын ұстанбайды. Осы мақаланы талдау негізінде автор жүйелеудің және заңдық ғылымның тәсілдерін толықтырады. Ұсынылып отырған тәсілдердің негізгі векторы заңнаманы дамытуға сонымен қатар бірізділігін қамтамасыз ете отырып модель құру болып табылады.